Аймақтар • 23 Мамыр, 2020

Павлодар облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 1 адам тіркелді

13 рет көрсетілді

Баянауыл ауданының 1959 жылғы тұрғыны коронавирус індетін жұқтырды. Бұл туралы Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы Telegram арнасында хабарлады.

22 мамырда әйел адам Павлодар облысының  кардиологиялық орталығына жоспарлы консультация алуға жүгінген. Қаралу кезінде пациент әлсіздікке, ентігуге, жөтелге, кеуденің ауырсынуына, жіліншігі мен табанының ісінуіне шағымданған.

Қойылған диагноз: екіжақты плевропневмония, дем жетіспеушілігінен жағдайы шамамен орташа ауыр, жүрек қызметінің декомпенсациясы.

Анамнезден белгілі болғандай, 13 мамырдан 21 мамырға дейін әйел адам Екібастұз қаласының жеке медициналық орталығында стационарлық ем алған, ол жерде 2-типтегі қант диабеті анықталған.

22 мамырда ПТР зерттеу нәтижесі бұл кісінің COVID-19 вирусын жұқтырғанын көрсетті. Емделуші облыстық аурухананың жұқпалы аурулар госпиталіне жатқызылды.

Қазір науқаспен байланыста болуы мүмкін адамдар тобы анықталып, эпидемияға қарсы шаралар жүргізіліп жатыр.

Бүгінгі күнге Павлодар облысында коронавирус инфекциясымен ауырған 177 адам тіркелген.

Соңғы жаңалықтар

Әскерилер қан тапсырды

Аймақтар • Кеше

Ұқсас жаңалықтар