Тағайындау • 22 Мамыр, 2020

Маңғыстау облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысы тағайындалды

1206 рет көрсетілді

Маңғыстау облысы әкімінің өкімімен және Денсаулық сақтау министрінің келісімімен Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысы қызметіне Жамал Жаманбаева тағайындалды.

Жамал Әбдібекқызы Маңғыстау облысы Түпқараған ауданында дүниеге келген.

1988 жылы емдеу ісі, дәрігер мамандығы бойынша Алматының мемлекеттік медицина институтын тәмамдаған. Еңбек жолын Жаңаөзен қалалық ауруханасының перзентханасында акушер-гинекология жөніндегі дәрігер интерн қызметінен бастап, одан кейiн Бейнеу орталық аудандық ауруханасының босану бөлімшесiнің меңгерушісі, емдеу істері жөніндегі бас дәрігердің орынбасары, «Облыстық перзентхана» МКҚК дәрігер акушер-гинекологы, Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасының бас акушер-гинекологы, «Ақтау қалалық перзентханасы» МКҚК директоры, «Облыстық перинаталдық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы МКК директоры қызметтерін атқарған.

Естеріңізге сала кетейік, Жамал Әбдібекқызы елдегі төтенше жағдай кезеңі аяқталғанға дейін Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасының уақытша басшысы қызметін атқарды.

Соңғы жаңалықтар

Доллар қымбаттап жатыр

Экономика • Бүгін, 15:54

COVID-19: Қартаюды жақындатуы мүмкін

Коронавирус • Бүгін, 14:43

Күзенді қырған COVID-19

Әлем • Бүгін, 13:14

Қыстың бірінші күні үсіп қалған

Аймақтар • Бүгін, 12:18

Алтайлық аналар баспаналы болды

Аймақтар • Бүгін, 11:20

Елбасы арманы – елорда

Президент • Кеше

Ұқсас жаңалықтар