Өкінішке қарай, кеше коронавирус індетінен бір адам қайтыс болды. Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте осы ауыр қаза туралы хабарлаған Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев бұл жағдай індеттің қауіптілігін және шектеу шараларының қаншалықты маңыздылығын көрсететінін атап айтты.

«Өкінішке қарай, кеше коронавирустен бір әйел адам қайтыс болды. Бұл орны толмас ауыр қаза. Марқұмның жақындарына көңіл айтамыз. Вирустың ел ішінде тарауы өсіп келе жатыр. Бұл жағдай – коронавирус инфекциясының қаупін тағы бір еске салып отыр. Қазір болып жатқан жағдай – бәріміз үшін сынақ. Оқшаулану бойынша биліктің барлық талабын орындау керек. 28 наурыздан бастап республикалық маңызы бар үш қалада жаңа шектеу шаралары күшіне енеді. Бүгін Үкімет жариялаған Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларына қатысты шектеулер – коменданттық сағат емес. Бірақ ол талаптарды қатаң сақтау керек», деген ол халықты үйден шықпауға шақырды.
Еске салай кетейік, министр күндіз өткен брифингте төтенше жағдай кезіндегі заң бұзушылық, кірісінен айырылғандарға төлемақының берілу тәртібі, кәсіпкерлікті жалғастыру және білім беру, сондай-ақ электронды үкімет арқылы онлайн қызмет алудың мүмкіндіктері туралы баяндап, COVID-19 вирусын жұқтырған екі науқастың ауруханадан шыққанын айтты.
Министрдің хабарлауынша, оның бірі Алматы, екіншісі Нұр-Сұлтан қаласында емделген. Ал олардың жеке мәліметтері тек өздерінің рұқсатымен ғана жариялануы тиіс екенін ескерткен Д.Абаев: «Кеше осы хабар тараған соң бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері пациенттер туралы сұрап, көптеп хабарласты. Сондықтан дәрігерлік құпияны сақтау жөнінде тағы да еске саламыз. Ешкім коронавируспен ауырған адам ретінде аты шыққанын қаламайды. Бұл адамдардың барлығы өз азаматтарымыз. Олар өзіне қатысты жеке мәліметтерді жарияламауға құқығы бар. Біз сол құқығын сыйлауымыз керек. Сонымен бірге егер ол адамдар туралы қандай да бір ақпарат тапсаңыздар, ол кісілердің рұқсатынсыз ешкімге бермеуді сұраймыз. Оларды емдеу тәртібі туралы журналистерге дәрігерлер айтып береді. Мұндай сұхбатты біз ұйымдастыра аламыз», деді.
Төтенше жағдай кезінде елдегі заңдылық пен тәртіп сақтауды қамтамасыз етуге қатысты баяндаған ведомство басшысы қазір барлық өңірде прокуратура, полиция және мемлекеттік кірістер комитетінің өкілдерінен құралған мобильді топтар жұмыс істеп жатқанын жеткізді. Министрдің айтуынша, олар барлық жерде медициналық маскалар мен антисептиктерді рұқсатсыз жоғары бағада сату деректерін анықтауда. Сондай-ақ төтенше жағдай басталғаннан бері Қылмыстық кодекстің 214 бабы бойынша 15 тергеу амалы басталған. Атап айтқанда, Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларында және Ақтөбе, Алматы, Атырау, Қарағанды, Қостанай, Батыс Қазақстан облыстарында мұндай деректер анықталып отыр. «Елордада және Ақтөбе облысында маска және антисептикті заңсыз сатқан 40 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Осы әкімшілік және қылмыстық істер бойынша 4 млн маска мен 13 мың литр антисептик тәркіленді. Олар денсаулық сақтау мекемелеріне беріліп жатыр», деді Д.Абаев.
Министр төтенше жағдай енгізу салдарынан кірістерін жоғалтқан азаматтарға төленетін қаражат мәселесіне тағы да тоқталды. «Бұл бойынша бүгін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығы шығады. Сол жерде Төтенше жағдайлар кезіндегі әлеуметтік төлемдердің берілу ережесі көрсетіледі», деді ол.
Аталған төлемдер Әлеуметтік сақтандыру мемлекеттік қорынан төленетінін айтқан Дәурен Әскербекұлы оның түрлерін де атап өтті. «Төлем 2 түрлі болады. Бірінші, төтенше жағдайға байланысты ақысыз еңбек демалысына шыққандарға. Оның көлемі айына 42 мың теңге. Бұл ұсақ, шағын және орта бизнестің қызметкерлері болуы мүмкін. Олар соңғы жылы мемлекеттік қорға 3 рет аударым жасаған болуы керек. Қажетті өтінімді жұмысшы емес, жұмыс беруші жасайды. Өтінімді аудандық және қалалық жұмыспен қамту штабтарына беру керек. Төлемдер төтенше жағдай аяқталғанша жүреді. Төлемнің екінші түрі – жұмыстан шығып қалғандарға қатысты. Олар төлемді 1 айдан 6 айға дейін алады. Төлем көлемі айлықтың 40%-ын құрайды», деген министр бұл төлемді алу үшін Жұмыспен қамту орталығында жұмыссыз ретінде тіркеліп, арыз беру қажет екенін жеткізді. Арызды онлайн беруге болады. Осындай төлемдер 1,5 млн адамға берілмек.
Д.Абаев кәсіпкерлерді қолдау мақсатында Энергетика министрлігі жер қойнауын пайдаланушыларға отандық өндірушілерден тауарды конкурс өткізбей сатып алуға рұқсат бергенін хабарлады. «Бұрын ол екі айға дейін созылуы мүмкін еді. Бұл түзетулер қазақстандық компаниялардың үздіксіз жұмысын және бюджетке салық түсімін қамтамасыз етеді. Бұдан басқа, бұл норма кәсіпорындарға қызметкерлерін қысқартпауға көмектеседі», деді ол.
Сондай-ақ еліміздегі эпидемиялық жағдайға байланысты Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларындағы және Түркістан, Ақмола, Алматы облыстарындағы балабақшалар жұмысын тоқтатты. Ал қалған өңірлерде балабақшалар штаттық режімде жұмыс істейді. Бірақ балабақшаларға балаларды ата-аналар өз еркімен апаруға мүмкіндігі бар. Ал апармаған жағдайда балалардың балабақшадағы орны сақталады. Қазіргі уақытта штаттық режімде жұмыс істейтін балабақшаларға тек 67 мың бала келуде, бұл көрсеткіш 11%-ды құрайды. «Бұл жерде білім басқармаларының басшыларына айтарымыз, жалпы балабақшаларда мүмкіндігінше аз балалар жинақталған кезекші топтар жұмыс істеуін қамтамасыз ету қажет», деді министр.
Орта білім бойынша мектеп оқушыларын қашықтан оқыту жөніндегі жұмыс тобы құрылғанын, негізгі контент ретінде телевизиялық сабақтар мен дайын цифрлы ресурстар ұсынылатынын айтты. «Телевидениеге 2 мыңнан астам сабақ түсіріледі. Қазіргі таңда 200-ге жуығы дайын», деді министр.
Президенттің тапсырмасымен Қазақстанның барлық қалаларында халыққа қызмет көрсету орталықтары жабылды. «Алайда мемлекеттік қызметтің 80%-дан астамын egov.kz порталынан алуға болады. Сондай-ақ бірқатар қызметтер мен сервистер мобильді қосымшада, телеграмм мен әлеуметтік желілерде қолжетімді. Жақын арада онлайн-қызметтер саны артады. Сонымен қатар 1414 байланыс орталығы жұмыс істейді. Бұл арқылы бір уақытта мыңнан астам адам кеңес ала алады. Кеңес беру бейнебайланыс арқылы да қолжетімді. 21 наурызға дейін құжат тапсырған азаматтар құжаттарын сол тапсырған орталықтан 28 наурызға дейін ала алады», деді Ақпарат және қоғамдық даму министрі.
Сонымен кешегі деректерге сәйкес елімізде 111 адам коронавирус жұқтырған. Нұр-Сұлтан қаласында – 61, Алматы қаласында – 40, Шымкент қаласында – 2 жағдай тіркелсе, Қарағанды қаласында – 4, Алматы облысында – 1, Ақтөбе облысында – 1, Жамбыл облысында – 1, Солтүстік Қазақстан облысында 1 науқас анықталып отыр.
Батыс Қазақстанда 15 мектепке шағын автобус берілді
Аймақтар • Бүгін, 15:07
Атыраулық оқушының өнері АҚШ әншісін тәнті етті
Аймақтар • Бүгін, 14:50
Аймақтар • Бүгін, 14:35
Бүгін «Қайрат» сырт алаңда «ВитЭнге» қарсы ойнайды
Спорт • Бүгін, 14:05
Шетелден келген 3 қазақстандықтан коронавирус анықталды
Қазақстан • Бүгін, 13:40
Спорт • Бүгін, 13:28
Ақтөбе облысында базар жанып кетті
Аймақтар • Бүгін, 13:00
Үстел теннисінен Қазақстан чемпиоанатының финалистері анықталды
Спорт • Бүгін, 12:24
2021 жылы азаматтарды апта сайын қабылдаймыз – елорда әкімі
Аймақтар • Бүгін, 11:42
Нұр-Сұлтан қаласы «қызыл» аймаққа енді
Аймақтар • Бүгін, 10:46
Министрлік қызанақтардан вирус табылды деген ақпаратқа түсініктеме берді
Қазақстан • Бүгін, 10:30
2021 жылы автобустарды 80 пайызға жаңарту көзделуде
Аймақтар • Бүгін, 10:12
Коронавирустық белгілері бар пневмонияның 71 жағдайы тіркелді
Коронавирус • Бүгін, 09:40
Атырауда БАҚ өкілдеріне 500 мың теңгенің сыйлығы берілді
Аймақтар • Бүгін, 09:20
Елімізде тағы 599 адам коронавирустан емделіп шықты
Коронавирус • Бүгін, 09:12
Қазақстанда өткен тәулікте 972 адамнан коронавирус анықталды
Коронавирус • Бүгін, 09:00
Петропавл тұрғыны өз үйінен мыңға жуық оқ тауып алған
Аймақтар • Кеше
Өскемендік жауынгерлер шеберлігін шыңдады
Аймақтар • Кеше
Түркістан облысында 1500 шақырымнан астам жол жөнделді
Аймақтар • Кеше
Алматыда пәтерде жалғыз қалып қойған 2 жасар бала құтқарылды
Аймақтар • Кеше
Бортта темекі шеккен ер адам елорда әуежайында ұшақтан түсірілді
Қазақстан • Кеше
Қасым-Жомарт Тоқаев Индонезия Президентіне көңіл айтты
Президент • Кеше
Президент Парламент Мәжілісінің пленарлық отырысына қатысты
Президент • Кеше
Ресей Ашық аспан келісімінен бас тартты
Әлем • Кеше
Қызылордалық зияткер баламалы қуат көзін ойлап тапты
Аймақтар • Кеше
Гүлшара Әбдіқалықова облыстық мәслихат сессиясына қатысты
Аймақтар • Кеше
Шығыс Қазақстанда шектеу шаралары ұзартылады
Аймақтар • Кеше
Алматы облысында 34 мың орынды мектеп салынады
Аймақтар • Кеше
Оралда қолына шприц ұстап, көшеде жүрген адам ұсталды
Аймақтар • Кеше
Нұр-Сұлтандағы карантиндік шаралар туралы қаулы жаңартылды
Аймақтар • Кеше
Нұр-Сұлтанда биыл крещение рәсімі өтпейді
Елорда • Кеше
Атырауда жоғалған 3 адам аман-есен табылды
Аймақтар • Кеше
Алматының әкімі міндетін аяқтаған депутаттарға алғысын білдірді
Аймақтар • Кеше
Театр сыншылары үздіктерді анықтады
Руханият • Кеше
Ауа райына байланысты 6 облыста дауылды ескерту жарияланды
Қазақстан • Кеше
Отандық бизнесті қолдау шаралары артатын болады
Қазақстан • Кеше
Атырауда облыстық мәслихаттың хатшысы сайланды
Аймақтар • Кеше
Павлодарлық тұрғын жарты тонна балықты заңсыз тасымалдаған
Аймақтар • Кеше
Он күн ішінде Үкімет құрамы таныстырылады
Үкімет • Кеше
«Елбасының кітапханасының» жаңа директоры тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Асқар Мамин Премьер-Министр болып тағайындалды
Үкімет • Кеше
Ресей азаматы Қазақстанда 13 жыл құжатсыз тұрған
Аймақтар • Кеше
Атырауда коронавирус жұқтырғандар 85 адамға көбейді
Аймақтар • Кеше
Сенат Төрағасы Парламенттің алдағы жұмысына пікір білдірді
Парламент • Кеше
Айгүл Құспан жаңа қызметке тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Алматыда қалалық мәслихаттың хатшысы сайланды
Аймақтар • Кеше
Мәжілісте комитет төрағалары сайланды
Тағайындау • Кеше
Полицейлер сауда үйінен екі ұрыны ұстады
Аймақтар • Кеше
Ақтауда діни мереке кезінде суға түсуге шектеу қойылды
Руханият • Кеше
Парламент • Кеше
Шетелден ұшып келген 2 қазақстандықтан коронавирус анықталды
Коронавирус • Кеше
Ұқсас жаңалықтар