Әлем • 28 Ақпан, 2020

Сауд Арабиясы қазақстандықтарға туристік визалар бермейтін болды

31 рет көрсетілді

Сауд Арабиясының Туризм министрлігі коронавирусқа байланысты жеті елдің азаматтарына электронды туристік визаларды беруді уақытша тоқтата тұру туралы шешім қабылдады. Бұл туралы Сауд Арабиясының SPA ақпарат агенттігі хабарлады.

«Коронавирустың таралуын болдырмау мақсатында Қытай, Жапония, Сингапур, Оңтүстік Корея, Малайзия, Италия және Қазақстан азаматтарына электронды туристік визалар беру тоқтатылды. Сауд Арабиясының әуежайларына келген кезде бұл елдердің азаматтары туристік визаларды ала алмайды» делінген хабарламада.

Сонымен қатар аталған елдердің азаматтары бұрын алған туристік визаларын пайдаланып, Сауд Арабиясына кіре алмайды. Сауд Арабиясының билігі бұл өзгерістерді коронавирустың таралуына байланысты уақытша шектеу деп отыр.

Электрондық туристік виза алуға құқығы бар басқа 40-тан астам елдің азаматтары бұрынғыша бұл мүмкіндікті пайдаланып, елге кіре алады.

Соңғы жаңалықтар

Саңлақтар сыр бермеді

Спорт • 27 Қараша, 2020

Тұрғын үй алаяғы қолға түсті

Қоғам • 27 Қараша, 2020

Алматы облысында жер сілкінді

Оқиға • 27 Қараша, 2020

Ұқсас жаңалықтар