Спорт • 27 Ақпан, 2020

Қазақстандық Мария Агапова UFC ұйымымен келісімшартқа отырды

17 рет көрсетілді

Аралас жекпе-жектен әлем чемпионы, қазақстандық Мария Агапова ММА бойынша ең ірі промоушн - Ultimate Fighting Championship (UFC) спортшылары қатарында турнирлерге қатысатын болды. 

Агапова UFC қатарына былтырғы тамыз айында-ақ өтіп кетер еді, дегенмен америкалық Трэйси Кортестен ұтылып, келісімшарттан құр қалып қойды. Осы жеңілістен кейін Мария Invicta FC промоушны аясында екі мәрте айқасқа шықты. Қыркүйек пен қазандағы жекпе-жекте ол қарсыластары америкалық Алекса Коннерс пен бразилиялық Марилия Сантосты бірінші раундта уақытынан бұрын жеңді.

Осы жетістіктердің арқасында UFC Агаповаға қайтадан назар аударды. Спорттағы жаңа белесі туралы Мария өзінің Instagram парақшасында жазды.

«Армандар орындалады. Менің бір татуымда осылай деп жазылған. Мен оны білетінмін. Бүгін мен өмір бойы көксеп, тер төккен мақсат орындалды. Бапкерлеріме, менеджерлер мен серіктестеріме көп рахмет. Мен тіпті үмітім үзіліп, арманым енді орындалмайды деп түңілген кездерде де жаттығу үшін залға баратынмын. Ал енді мен UFC қатарындамын, 2020 жылы осы жерде жекпе-жекке шығамын. Мұнда бүкіл әлемнен спортшылар жиналған – біз бір үлкен отбасымыз. Осы отбасының мүшесі атанғаным үшін өте бақыттымын. Жақында кітап жазамын. Барлық жанкүйеріме рахмет. Қолдау көрсеткен достарыма мың алғыс. Осы уақыт аралығында бір нәрсені түсіндім – жаныңда жүргендердің бәрі дос емес, сені ұрғандардың бәрі дұшпан емес», - деп жазды Мария Агапова.

Соңғы жаңалықтар

Келер жылы тариф көтерілмейді

Экономика • Бүгін, 08:19

Комиссия отырысын өткізді

Саясат • Бүгін, 08:04

Жасанды интеллект жәрдемі

Технология • Бүгін, 07:58

Аң-құсқа да қамқорлық қажет

Оқиға • Бүгін, 07:55

Жаңа аудандағы жасампаз іс

Аймақтар • Бүгін, 07:53

Ауылдағы сервистік әкімдік

Аймақтар • Бүгін, 07:48

Әлемді қызғылт сары етейік

Қоғам • Бүгін, 07:37

Елбасы және Қазақстан ғылымы

Елбасы • Бүгін, 07:27

Мұғалім жасаған сабын

Ғылым • Бүгін, 07:09

СКА-ға есе жіберді

Хоккей • Бүгін, 07:09

Абайдың 180 өлеңін жатқа айтады

Аймақтар • Бүгін, 07:08

Ұқсас жаңалықтар