Аймақтар • 26 Ақпан, 2020

Семейде Құнанбайға арналған көрме ашылып, кітаптың тұсаукесері өтті

46 рет көрсетілді

Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық-музейінде Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай Құнанбай Өскенбайұлына арналған «Көрегенді көсем, парасатты шешен, ел қамқоры - Құнанбай» көрмесінің ашылу салтанаты өтті. Музейдің жетекші ғылыми қызметкері Нұрсұлу Санақбекқызының айтуынша, көрме тарихи тұлға, би, аға сұлтан, заманының көрнекті қайраткері болған Құнанбай Өскенбайұлының жалпы тұлғасын сомдаған. Абай қорық-музейінде жинақталған тарихи, ғылыми, әдеби материалдар пайдаланылған. Құнанбай Өскебайұлының қоғамдық қызметі таныстырылып, Абай музейінің ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижесінде жиналған архив деректерін көрермен назарына ұсынды.

- Көрмеге Құнанбай Өскенбайұлының өмірі мен қоғам қайраткерлігін айшықтап көрсететін құнды дерек көздері, Құнанбай тақиясы мен күміс белдігі қойылды, - дейді музейдің жетекші ғылыми қызметкері Нұрсұлу Санақбекқызы, - сол секілді қала тұрғындары мен қала қонақтарының назарына алғаш рет Құнанбайдың құжат беттеріне қойған таңбалы мөрін ұсынды. 

  • сурет

Шара барысында Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық-музейі директорының инновациялық даму және қоғаммен байланыс жөніндегі орынбасары Тұрдықұл Шаңбай, Семей қаласы әкімінің орынбасары Айдар Садырбаев, Шәкәрім университетінің Тарих және саясаттану кафедрасының меңгерушісі, доцент Майра Ибраемовалар сөз сөйледі. Академик Ерлан Сыдықовтың «Құнанбай» кітабының таныстырылымы өтті. Және де салтанатты кешке Шәкәрім Құдайбердіұлының ұрпақтары қатысты. Абайдың әсем әндерінен композициялар орындалып, облыстық Әміре Қашаубаев атындағы филармонияның «Кербез» фальклорлық ансамблі шалқыма күймен көрік берді.

 

СЕМЕЙ

Соңғы жаңалықтар

Бір аптада 221 қылмыс

Аймақтар • Кеше

Ұқсас жаңалықтар