Теннис • 22 Ақпан, 2020

Теннис: Елена Рыбакина финалда

42 рет көрсетілді

Дубайда өтіп жатқан жүлде қоры 2 908 770 АҚШ долларын құрайтын WTA турнирінің жартылай финалында еліміздің бірінші ракеткасы Елена Рыбакина хорватиялық Петра Мартичпен күш сынасты.

Әлемдік рейтингте 15 орында тұрған Петра Мартичқа қарсы бәсеке өте шиеленісті өтті. Қос ойыншы әбден тіресті. Бәсеке екі ретінде де тай-брейкке дейін ұласты.

Десек те шешуші тұста жанкештілік танытқан Рыбакина жеңісті қарсыласының уысынан жұлып әкетті. Есеп – 7:6, 7:6. Осылайша, Елена Рыбакина финалға шықты.

Соңғы жаңалықтар

Ұқсас жаңалықтар