Қоғам • 17 Ақпан, 2020

Елорда тұрғындарына жұмыс күші тапшы аймақтардан бос жұмыс орындары ұсынылуда

52 рет көрсетілді

20, 21 ақпан күні сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығында азаматтардың ерікті түрде қоныс аударуы бойынша бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтеді. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайты хабарлады.

Жәрмеңке мақсаты – нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында еліміздің жұмыс күші тапшы аймақтарын еңбек қабілетті қызметкерлермен қамтамасыз ету.

Жәрмеңкеге Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Қарағанды және Ақмола облысының өкілдері қатысады. Жыл басынан бері Нұр-Сұлтан қаласының Халықты жұмыспен қамту орталығына 1 659 адам жүгінді. Барлығы 1 266 адам жұмысқа орналастырылды. Оның ішінде тұрақты жұмыс орындарына 373 жұмыссыз шықса, белсенді қолдау шараларымен 893 адам қамтылды.

Соңғы жаңалықтар

Саңлақтар сыр бермеді

Спорт • 27 Қараша, 2020

Тұрғын үй алаяғы қолға түсті

Қоғам • 27 Қараша, 2020

Алматы облысында жер сілкінді

Оқиға • 27 Қараша, 2020

Ұқсас жаңалықтар