Аймақтар • 16 Ақпан, 2020

МЖӘ: Тың бастамаларға жол ашып, бизнесті жандандырады

37 рет көрсетілді

Қазір елімізде мемлекеттік-жекешелік әріптестік негізде түрлі нысандар бой көтеруде. Олардың қатарында спорт кешендері, мектеп, балабақша және дәрігерлік амбулаториялар бар. МЖӘ механизмі бюджет жүктемесін азайтып қана қоймай, жеке бизнесті жандандырады, кәсіпкерлік саласында тың бастамаларға жол ашады.

Қазалы ауданы әкімдігінің мәжіліс залында өткен семинарда мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің артықшылықтары мен тиімді жақтары айтылды.

Басқосуда аудан әкімі Мұрат Ергешбаев аймақтық мемлекеттік-жекешелік әріптестік орталығының сарапшыларын таныстырып, бүгінгі мәселенің маңызды екенін атап өтті.

– Бұндай игі жұмыстармен облыс көлемінде айналысып жатқан кәсіпкерлер жетерлік. Ауданымыздың да кәсіпкерлері осы бағытта жұмыс жасауға қызығушылық танытады деп ойлаймын. Біздің кәсіпкерлердің потенциалы өте жоғары. Тек қана бағдарламаның мақсаты мен жүйелі жұмысын жақсы түсініп алуымыз қажет, – деді Мұрат Нәлхожаұлы.

Басқосуда Қызылорда облысының аймақтық мемлекеттік-жекешелік әріптестік орталығының сарапшылары Жанат Сапаржанова мен Бауыржан Нұрсейітов аудан кәсіпкерлері, кент, қала, ауылдық округ әкімдері және бөлім басшыларына МЖӘ жобаларын іске асырудың негізгі қағидаттарын, мемлекеттік және жекеше әріптестердің қатысу нысандары мен тәсілдерін, шығындарды өтеу және МЖӘ жобасын іске асырудан түсетін кірістер көздерін түсіндірді.

Семинар барысында жергілікті кәсіпкерлер өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, мамандардан бұл жобаның қыр-сырын білді.

Аймақтық мемлекеттік-жекешелік әріптестік орталығының сарапшылары  ауданның белгілі кәсіпкерлері «РЗА» АҚ президенті Самұрат Имандосов, «Сыр маржаны» ЖШС директоры Мінажадин Өтеев, «Жалаңтөс батыр» ЖШС директоры Қасқырбай Әлімбай, «Намыс Құрылыс» ЖШС директоры Әбдімәлік Өтеулілермен де кездесіп, мемлекет пен бизнестің біріккен бастамасы жайлы жан-жақты түсіндірілді.

Соңғы жаңалықтар

Елбасы арманы – елорда

Президент • Кеше

Пневмония 68 адамда тіркелді

Коронавирус • Кеше

Елбасы, Луиза және балмұздақ

Ең қысқа әңгіме • Кеше

Арқадағы алтын бесік

Елбасы • Кеше

Кемеңгер келбеті

Руханият • Кеше

Тарих тудырған тұлға

Елбасы • Кеше

Нұр-аға

Руханият • Кеше

Чемпионат мәресіне жетті

Ауыр атлетика • Кеше

Ұқсас жаңалықтар