Спорт • 15 Ақпан, 2020

Құқық қорғау органдарының қызметкерлері арасында футболдан жарыс өтті

22 рет көрсетілді

Қызылорда облысы полиция департаментінің ұйымдастыруымен Кеңес әскерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 31 жыл толуына орай шағын футболдан турнир өтті.

«Динамо» спорт кешенінде өткен жарысқа өңірдегі құқық қорғау органдарының құрама командалары қатысты.

Спорттық шараның ашылуында облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Пазылбек Нәлібаев Ауған соғысы ардагерлерінің ерлік жолы бүгінгі жастарға тәлім болатынын айта кетіп, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.

Тартысты өткен додада І орынды Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің командасы,  ІІ орынды  ҚР ІІМ-нің ҰҰ № 5547 әскери бөлімі, ІІІ орынды облыстық полиция департаментінің құрамалары бөлісті.

Соңғы жаңалықтар

Елбасы арманы – елорда

Президент • Кеше

Пневмония 68 адамда тіркелді

Коронавирус • Кеше

Елбасы, Луиза және балмұздақ

Ең қысқа әңгіме • Кеше

Арқадағы алтын бесік

Елбасы • Кеше

Кемеңгер келбеті

Руханият • Кеше

Тарих тудырған тұлға

Елбасы • Кеше

Нұр-аға

Руханият • Кеше

Чемпионат мәресіне жетті

Ауыр атлетика • Кеше

Ұқсас жаңалықтар