07 Қараша, 2019

Қайнарлық өнерпаздар халықаралық байқауда жүлдегер атанды

440 рет көрсетілді

Шалғайдағы Қайнар ауылының жас өнерпаздары да қатысып, көрерменнің қошеметіне бөленді.

 

Жақында, нақтырақ айтсақ, 1-3 қараша күндері Семей қаласында Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында және Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойы қарсаңында «Үркер» шығармашылық дамыту орталығының ұйымдастыруымен «Ұлттың ұлы мұрасы» атты халықаралық өнер және білім фестивалі өтті.

қайнар

Осы шараға Семей қаласына қарасты шалғайдағы Қайнар ауылының жас өнерпаздары да қатысып, көрерменнің қошеметіне бөленді.

наргиз

Қайнар Мәдениет үйіне қарасты «Мейзек» үлгілі балалар ән-би ансамблінің әншісі Наргиз Әсенова (жетекшісі - Торғын Құрманғожина) фестивальдің қола жүлдегері атанса, «Қайнар» халық ән-би ансамблінің әншісі Нұрдәулет Жеңісов (жетекшісі – Бисат Шағыров) эстрада-вокал кезеңінде ән орындау шеберлігімен көзге түсіп, бас жүлдеге ие болды.

бисат

Сонымен қатар Мәдениет үйі қызметкері Бисат Шағыров Абай әндерін орындап, күміс жүлдегер атанды. Қатысушылар демеушілердің арнайы сыйлығымен марапатталып, жетекшілері «Үздік жетекші» марапатына ие болды. 8 сынып оқушысы Қарақат Нұрланова 2-інші дәрежелі дипломмен марапатталды.

асқарбек

Сондай-ақ, осы байқаудың көркемсөз бөлімінде 5 сынып оқушысы Асқарбек Сайлауғалиев өлеңдерді мәнерлеп оқып, күміс жүлдені қанжығасына байлады.   

күй

Тағы бір жағымды жаңалық, 30 қазан күні Семей қаласында өткен көрнекті композитор Теміржан Базарбаев атындағы I республикалық байқау-фестиваліне Қайнардағы «Көкейкесті» домбырашылар ансамблінің домбырашысы Ілияс Сембаев қатысып, Құрманғазының күйі «Серперді» орындап, I орынды иеленді.

жидебай

Фестивальге қатысушылар жолай қасиетті мекен Жидебайға ат басын бұрып, ұлылар рухына тағзым етті.

Шығыс Қазақстан облысы,

Семей қаласы,

Қайнар ауылы

 

 

 

Соңғы жаңалықтар

218 адамның ахуалы нашар

Медицина • Кеше

Ұқсас жаңалықтар