Аймақтар • 19 Шілде, 2019

Полицей сәбиді құтқарып қалды

402 рет көрсетілді

Арал қала­сының тұр­ғыны, поли­ция қыз­мет­кері Дәу­­­рен­­­бек Жа­най­бе­ков түс­­­кі уа­қытта үйі­не келіп, де­мін басып жат­қан. Әл­ден уа­қыт­та сырт­тан абыр-дабыр, ай­қай-шу­ды естіп, тұра ұм­тылады. Көрші үйдің баласы кәріз құ­дығына сәбидің тү­сіп кеткендігін айтады.

Сөйтсе, беті ашық кәріз құдығына сол маңда ойнап жүрген жас бала түсіп кетіп, лай суға тұншығып жатыр екен. Ойлануға уақыт жоқ. Полицей құдық ішіне қарғып түседі. Есін жоғалтып алған сәбиді лас судың ішінде зорға қарманып ұстап, сыртта көмекке келген адамдарға ұстатады.

Алайда, тымырсық әрі абакуасы тар, сасық құдық өзінің сыртқа шығуына мүмкіндік бермейді. Есінен танған оны сырттағы жігіттер шығарып алады. Осылайша, полицей жансақтау бөлімінде есін жинайды. Сәби де дін аман. Ол да медициналық көмек алған.

Кейбіреулер әшейінде, полицейлерді елге құбыжық етіп көрсетуге әуес. Халық «полиция-қорғаның» деп осындайда айтса керек. Өз өмірінің ақырын ойламай сәбиді құтқарып қал­ған қарапайым полиция қызметкерінің бұл ісі нағыз ерлік.

Қызылорда облысы

 

Соңғы жаңалықтар

Әскерилер қан тапсырды

Аймақтар • Бүгін, 12:33

Пневмониядан 2 адам қайтыс болды

Коронавирус • Бүгін, 09:17

«Сочиді» тізе бүктірді

Хоккей • Бүгін, 08:07

ТОП-10 боксшының қатарында

Кәсіпқой бокс • Бүгін, 08:05

Қызыққа толы Премьер-лига

Футбол • Бүгін, 07:59

Сахна сардары

Өнер • Бүгін, 07:55

Тарихты таразылаған туынды

Руханият • Бүгін, 07:43

Кемел қазақтың келбеті

Таным • Бүгін, 07:40

Наурыздың ақша қарындай

Руханият • Бүгін, 07:30

Сарсаңға салған сараптама

Ғылым • Бүгін, 07:23

Өз балаң өзекке теппесін

Өнер • Бүгін, 07:23

Жас теннисшілер бас қосты

Теннис • Бүгін, 07:06

Ол кезде Надя отызда еді

Ең қысқа әңгіме • Бүгін, 07:02

Ұқсас жаңалықтар