Аймақтар • 04 Желтоқсан, 2020

Ерлан Тұрғымбаев учаскелік инспекторлар жұмысын күшейтуді тапсырды

28 рет көрсетілді

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Ақтөбе облысына жұмыс сапарында қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті сақтау бойынша атқарылған жұмыстармен танысып, облыстық полиция департаментінің жеке құрамымен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Кездесуде ведомство басшысы ұйымдасқан қылмыс пен есірткі қылмысына, ұрлыққа, оның ішінде мал ұрлығына қарсы атқарылып жатқан жұмыстардың есебін тыңдап, құқық қорғау қызметкерлеріне бірқатар нақты тапсырмалар берді. Ерлан Тұрғымбаевтың айтуынша, қазіргі уақытта  Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың өзара қарым-қатынастың сервистік моделіне көшу, құрылымдық реформалар жүргізу, тиімді кадр саясаты, цифрлық технологияларды енгізу сияқты Ішкі істер министрлігінің алдына қойған міндеттерін орындау кезек күттірмейтін мәселе болып тұр.

Министр жергілікті полиция қызметіне қарасты учаскелік инспекторлардың жұмысымен егжей-тегжейлі танысу үшін учаскелік пункттерді аралады. Бұл жерде инспекторлар оқиға орнында құқық бұзушы туралы жедел мәліметтерді алуға мүмкіндік беретін заманауи технологиялармен таныстырды.

Ерлан Тұрғымбаев облыс әкімі Оңдасын Оразалинмен кездесуінде ел Президентінің «Жұртқа жақын полиция» қағидаты бойынша жергілікті полиция қызметіне реформа жүргізуді тапсырғанын ескере отырып, учаскелік инспекторлар жұмыстарын күшейту бағыттарына тоқталды. Соның ішінде полицияның учаскелік пункттеріне үй-жайлар бөлу, ірі тұрғын үй алабы мен учаскелік пункттері жоқ аудандарда жаңа полиция бекеттерін салу мәселелері жан-жақты талқыланды. Қазіргі жағдайда әрбір  учаскелік инспектор өзіне бекітілген аумақтағы ахуалды жақсы біліп отыруы тиіс. Әсіресе қызметкердің құқық бұзушылыққа бейім, отбасылық жанжал тудыратын жандарды бақылап, тұрғындармен тығыз қарым-қатынаста болуы қылмыстың алдын алу үшін өте маңызды. Министр кездесу соңында құқықтық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде полицияға қолдау көрсеткен жергілікті атқарушы органдар басшыларына алғысын жеткізді. Айта кету керек, Ақтөбе қаласында 125 учаскелік полиция инспекторы мен олардың 14 көмекшісі, облыс аудандарында–108 көмекшісі жұмыс істейді. Ақтөбе қаласында – 25, ал аудандарда 145 учаскелік полиция пункті ғимараты бар.

Соңғы жаңалықтар

Теміржол билеттері қымбаттайды

Қазақстан • Бүгін, 11:19

Батыс Қазақстанда күн суытады

Ауа райы • Бүгін, 10:56

Пневмониядан 2 адам қайтыс болды

Коронавирус • Бүгін, 09:23

Келешегі өрісті өндіріс орны

Аймақтар • Бүгін, 08:16

Ұтымды ұсыныстар жасалды

Пікір • Бүгін, 08:09

Шарын балуан

Руханият • Бүгін, 07:54

Оберхофтағы сәтсіздік

Спорт • Бүгін, 07:36

Ұқсас жаңалықтар