Қоғам • 03 Желтоқсан, 2020

Экскурсия сабағына қатысты

29 рет көрсетілді

Облыстық тарихи-өлкетану му­зейінде Тұңғыш Президентке ар­налған экспозиция бар. Онда Тұң­ғыш Президент – Елбасы Нұр­сұлтан Назарбаевтың мемлекет басқару, тәуелсіздік алғаннан бері Қа­зақстанды әлем таныған ел ре­тінде қалыптастыру кезеңіндегі қайрат­керлігі мен ерен еңбегі туралы тари­хи, деректі құжаттар түріндегі құн­ды жәдігерлер қойылған. Облыс­тық полиция департаментінің жас мамандары аталған музейде ұйым­дас­тырылған экскурсиялық сабаққа қатысты.

– Тұңғыш Президент күніне орай өткен шараның басты мақсаты – жас мамандарды отаншылдыққа, жауапкершілікке, бастамашылдыққа тәрбиелеу. Осы орайда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жоға­ры адамгершілік қасиеті, мемлекет­шілдігі мен табандылығы әр жасқа үлгі-өнегеге айналды. Тәуел­сіз Қазақстанның әлеуметтік-эко­но­ми­калық, құқықтық тұрғыда өр­кендеуіне үлес қосқысы келетін әр қызметкердің бойынан осындай қасиеттер табылса, еліміздің болашағы бүгінгіден де жарқын болары анық, – дейді департамент бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Әділхан Байдосов.

Оның айтуынша, экскурсиялық сабақ барысында Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың өмірі мен қызметіне, саясаткерлігіне арналған экспозиция таныстырылды. Әлемдік деңгейдегі мемлекет қайраткерінің еліміздің дамуына сіңірген еңбегі туралы кеңінен айтылды.

 

Атырау облысы

 

Соңғы жаңалықтар

Теміржол билеттері қымбаттайды

Қазақстан • Бүгін, 11:19

Батыс Қазақстанда күн суытады

Ауа райы • Бүгін, 10:56

Пневмониядан 2 адам қайтыс болды

Коронавирус • Бүгін, 09:23

Келешегі өрісті өндіріс орны

Аймақтар • Бүгін, 08:16

Ұтымды ұсыныстар жасалды

Пікір • Бүгін, 08:09

Шарын балуан

Руханият • Бүгін, 07:54

Оберхофтағы сәтсіздік

Спорт • Бүгін, 07:36

Генерал киген китель

Оқиға • Бүгін, 07:28

Енді ешкім дауласа алмайды

Таным • Бүгін, 07:13

Ұқсас жаңалықтар