Елорда • 27 Қараша, 2020

Қосшы ауылы елордаға қосылуы мүмкін

229 рет көрсетілді

Ақмола облысы әкімі Ермек Маржықпаев Қосшы ауылының елорда аумағына қосылуы мүмкіндігіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz

"Бұл мәселе тұрғындардың көбісін алаңдатып жүр. Бұл елді мекенде 50 мыңнан астам адам тұрып жатыр. Осы ауылға қатысты жағдайды Мемлекет басшысы, Үкімет басшылығы ерекше бақылауда ұстап тұр. Бұл тұрғыда бірнеше рет талқылаулар да болды, яғни ауылдың қаржылық әрі экономикалық бағыттары есептелді. Алайда осы мәселені ұлттық санақ жүргізгенге дейін шегердік. Біз алдымен ол елді мекенде қанша адам тұрып жатқанын нақты анықтауымыз керек", деді әкім Орталық коммуникациялар қызметінде.

Оның айтуынша, шаруашылық кітаптағы тізім бойынша Қосшыда 36 мың адам тұрып жатыр. Үйлерді аралау кезіндегі мәліметте 60 мың адам бар екені анықталды.

Ал коммуникауия мен телефондар бойынша 55 мың адам тіркелгені белгілі болды.

"Осы әртүрлі мәліметті ескеріп, ауылда қанша адам тұратынын айқандау қажеттігі бар. Осының барлығын пысықтап, тиісті шешім қабылданады", деді Ермек Маржықпаев.

Елімізде ұлттық санақ жүргізу бір жыл кейінге қалды. Үкімет өткен жылы 19 маусымда 2020 жылы ұлттық санақ өткізу туралы қаулы шығарған. Оған сәйкес, Қазақстан Республикасының ұлттық халық санағы биылғы 1-30 қазан аралығында өтуге тиіс еді. Елімізде коронавирус инфекциясының таралуы мен енгізілген карантин шараларына байланысты ұлттық халық санағын 2021 жылғы қазан айына ауыстыру жөнінде шешім қабылданды.

Соңғы жаңалықтар

Теміржол билеттері қымбаттайды

Қазақстан • Бүгін, 11:19

Батыс Қазақстанда күн суытады

Ауа райы • Бүгін, 10:56

Пневмониядан 2 адам қайтыс болды

Коронавирус • Бүгін, 09:23

Келешегі өрісті өндіріс орны

Аймақтар • Бүгін, 08:16

Ұтымды ұсыныстар жасалды

Пікір • Бүгін, 08:09

Шарын балуан

Руханият • Бүгін, 07:54

Оберхофтағы сәтсіздік

Спорт • Бүгін, 07:36

Генерал киген китель

Оқиға • Бүгін, 07:28

Енді ешкім дауласа алмайды

Таным • Бүгін, 07:13

Ұқсас жаңалықтар