Оқиға • 29 Қазан, 2020

Оралдағы атыстан кейін жігіттің жағдайы қалай болды?

38 рет көрсетілді

Орал қаласында жанармай құю стансасында болған атыстың салдарынан зардап шеккен науқас жансақтау бөлімінен жалпы палатаға ауыстырылды, деп хабарлайды Egemen.kz

Бүгінде 24 жастағы Кималь Носков хирургия бөлімінде ем-дом қабылдап жатыр. Дәрігерлердің мәліметінше, науқастың періштесі қағып, аман қалған. Өйткені Кималь жарақат салдарынан мүгедек болып қалуы әбден мүмкін еді.

Операция барысында дәрігерлер науқастың сол бүйрегін, көкбауырын, аш ішектің жартысын алып тастаған. Атыс кезінде оқ оның өкпесіне, диафрагмасына және тоқ ішегіне тиген.

"Науқастың жағдайы орташа ауыр. Ол өз күшімен тұрып, жүре алады. Оның жолы болды", дейді облыстық Көпбейінді аурухананың хирургия бөлімінің меңгерушісі Ербол Есеев.

Жанармай құю стансасының жанында болған атыстан зардап шеккен жігіт "Жас дәурен" балалар үйінің тәрбиеленушісі екен. Кималь Носков "Шаңырақ" жасөспірімдер үйінде тұрған. Кейін ол елордадағы лицейге ауысып, слесарь мамандығы бойынша білім алған. Ол спортпен шұғылданғанды жақсы көреді.

Белгілі болғандай, мектеп директоры жанжал қызға байланысты туындауы мүмкін екенін айтады.

"Кималь жаман жігіт емес. Ол Ресейге барып, жұмыс істеп келді. Кейін Оралға қайта оралды. Жалдамалы жұмысшы болып еңбектенді. Балалардың ешқайсы шабуыл жасаған жігіттерді білмейді. Олармен Кималь бірге оқыған. Ауруханадағы Кимальға оның әпкесі күтім жасап жүр. Оларға көмек керек", дейді "Шаңырақ" жасөспірімдер үйінің директоры Өмірбай Қалымбетов.

Естеріңізге сала кетейік, 20 қазанда Орал қаласында Шолохов көшесіндегі VenОil жанармай құю станциясында атыс болған. Салдарынан 24 жастағы ер адам жарақат алған. Атыс болған сәт видеорегистраторға түсіп қалған. 

Соңғы жаңалықтар

Әскерилер қан тапсырды

Аймақтар • Бүгін, 12:33

Пневмониядан 2 адам қайтыс болды

Коронавирус • Бүгін, 09:17

«Сочиді» тізе бүктірді

Хоккей • Бүгін, 08:07

ТОП-10 боксшының қатарында

Кәсіпқой бокс • Бүгін, 08:05

Қызыққа толы Премьер-лига

Футбол • Бүгін, 07:59

Сахна сардары

Өнер • Бүгін, 07:55

Тарихты таразылаған туынды

Руханият • Бүгін, 07:43

Наурыздың ақша қарындай

Руханият • Бүгін, 07:30

Сарсаңға салған сараптама

Ғылым • Бүгін, 07:23

Ұқсас жаңалықтар