Президент • 28 Қазан, 2020

Мемлекет басшысы Рустам Жүрсіновты қабылдады

60 рет көрсетілді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Кәсіпкерлер құқын қорғау жөніндегі уәкіл Рустам Жүрсіновты қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа  кәсіпкерлер құқын қорғау мәселесі бойынша атқарылған жұмыстар мен отандық бизнесті қолдауға қатысты жоспар жайында баяндалды.

Рустам Жүрсінов Қазақстан Президентіне соңғы 4 жыл ішінде 25 мың өтініш қаралып, оның 43 пайызы оң шешілгенін, кәсіпкерлердің 197 миллиард теңге көлеміндегі мүліктік құқықтары қорғалғанын айтты. Бизнес-омбудсменнің айтуынша, санитарлық талаптарды сақтау жөнінде тәртіп әзірленді, кәсіпкерлердің, олардың жұмысшылары мен тұтынушыларының арасындағы жауапкершілігі айқындалды.

Мемлекет басшысына коронавирус пандемиясының отандық бизнеске тигізген салдары және кәсіпкерлерге қолдау көрсету жөніндегі ұсыныстар туралы ақпарат берілді. Нақты айтқанда, еңбекақы төлеу қоры, жер қатынастары, салық мәселелері жан-жақты айтылды.

Қасым-Жомарт Тоқаев жер қатынастары мен еңбекақы төлеу қорына салмақ түсірмейтін жаңа реттеу саясаты жөніндегі өзгерістерді тиісті мемлекеттік органдар мұқият зерттеуі қажет екенін атап өтті. Президент "Бір көзден сатып алу" порталының тиімділігі мен ашықтығына жіті мән беру керек деп санайды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Рустам Жүрсіновке бизнеске қатысты әкімшілік құқық бұзушылықтардың арту себептерін анықтауға, бақылау-қадағалау қызметін реформалауды әзірлеуге бағытталған бірқатар тапсырма берді.

Соңғы жаңалықтар

Елбасы арманы – елорда

Президент • Бүгін, 16:30

Еңбек адамдары марапатталды

Аймақтар • Бүгін, 16:05

Пневмония 68 адамда тіркелді

Коронавирус • Бүгін, 09:12

SpaceX тағы 60 спутник ұшырды

Әлем • Бүгін, 08:51

«Спартактан» басым түсті

Хоккей • Бүгін, 08:42

Даланы тербеткен сырлы саз

Руханият • Бүгін, 08:38

Елбасы, Луиза және балмұздақ

Ең қысқа әңгіме • Бүгін, 08:25

Есіл бойына ел қондырған

Таным • Бүгін, 08:21

Елбасы және Түркістан

Оқиға • Бүгін, 08:19

Мерекені мазмұнды өткізеді

Оқиға • Бүгін, 08:18

Арқадағы алтын бесік

Елбасы • Бүгін, 08:15

Кемеңгер келбеті

Руханият • Бүгін, 08:08

Жұмыс ашық ұйымдастырылады

Саясат • Бүгін, 08:04

Шабыт шалқытар шаңырақ

Театр • Бүгін, 08:00

Тарих тудырған тұлға

Елбасы • Бүгін, 07:47

Нұр-аға

Руханият • Бүгін, 07:35

Чемпионат мәресіне жетті

Ауыр атлетика • Бүгін, 07:30

Алтайға ат басын бұрған сәт

Таным • Бүгін, 07:29

Ұқсас жаңалықтар