Қазақстан • 28 Қазан, 2020

Коронавируспен күрес тақырыбында шығармашылық байқау жарияланды

35 рет көрсетілді

"Saryarqa Aqparat" медиахолдингі Қарағанды облысының жетекші БАҚ өкілдерімен бірлесіп "АрселорМиттал Теміртау" АҚ қолдауымен  коронавируспен  күрес  тақырыбындағы үздік үгіт-насихат материалдарына байқау жариялайды, - деп хабарлайды Egemen.kz

Байқауға Қазақстан Республикасының кез келген тұрғыны қатыса алады. Конкурсқа ұсынылатын жұмыстарды кез келген түрде – видео, фото, сурет, коллаж, графикалық дизайн, өлең, ән т.б. беруге болады.

Қатысушы әртүрлі номинацияға түрлі жұмыстарын жібере алады. Бір қатысушының бірнеше жұмыс ұсынуына шектеу жоқ.

Конкурс 4 номинациядан тұрады1. Вирусқа қарсы үздік бейнеролик. 2. Тұтынушыларға қамқорлық. 3. Антивирус бояулары. 4. Бетперде киген адам. 

Байқауға қатысушылар жұмыстарын Instagram, Facebook  және т.б. әлеуметтік желілердегі парақшаларында өзі қатысатын номинацияны көрсете отырып, қазақ немесе орыс тілінде #АнтиКовидKrg хэштегімен жариялайды. Сондай-ақ, Life.09_  Instagram парақшасына жазылып, сілтеме жасауы шарт.

Айта кетейік, байқау 1-25 қараша аралығында  өткізіледі. Байқау қорытындысы  26 қарашадан 29 қарашаға дейін шығарылады. Әр номинация бойынша 5 жеңімпаз анықталадыЖалпы 4  номинация бойынша 20 жеңімпаз таңдалады. Жеңімпаздардың  әрқайсы 50 000 теңгеден ақшалай сыйақымен марапатталады.

Соңғы жаңалықтар

Саңлақтар сыр бермеді

Спорт • 27 Қараша, 2020

Тұрғын үй алаяғы қолға түсті

Қоғам • 27 Қараша, 2020

Алматы облысында жер сілкінді

Оқиға • 27 Қараша, 2020

Ұқсас жаңалықтар