Аймақтар • 23 Қазан, 2020

Алматыда әкімнің тапсырмалары қалай орындалуда?

39 рет көрсетілді

Алатау ауданындағы баспасөз турының қорытындысы бойынша Алматы қаласының өңірлік коммуникациялар қызметі өткізген брифинг барысында аудан әкімі Азамат Қалдыбеков ауданның инфрақұрылымдық дамуы туралы айтып берді, деп хабарлайды Egemen.kz

Алматыда қала әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасы бойынша "шетсіз қала" тұжырымдамасы жүзеге асырылуда, оның мақсаты мегаполистің барлық аудандарында тұрғылықты жеріне қарамастан халықтың жоғары өмір сүру стандарттарын қамтамасыз ету болып табылады.
 
"Ауданда "Бюджетке қатысу" жобасы аясында тұрғындардың ұсыныстары жүзеге асырылуда, онда әр адам қандай да бір жобаларды іске асыру бойынша жобалық ұсыныстар бере алады", деп атап өтті А. Қалдыбеков.
 
Осы жоба аясында ауданда Шаңырақ-1 шағын ауданында балалар ойын алаңының құрылысына, Қарасу шағын ауданында "Отан ұлдары мәңгілік есте" монументін күрделі жөндеуге, Ақбұлақ шағын ауданында жасанды жабыны бар футбол алаңының құрылысына жобалық-сметалық құжаттар әзірленуде.
 
"13 шағын ауданда жаңа жолдар салынуда, оның ішінде өткен жылы 4 шағын ауданда ұзындығы 32,7 км жол құрылысы аяқталды. Қалған шағын аудандар бойынша құрылыстың толық аяқталуы ағымдағы жылдың соңына дейін жоспарланған (ұзындығы 75,5 км)", деді аудан әкімі.
 
Сонымен қатар, ауданда жол инфрақұрылымын жаңғырту жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. 8 шағын ауданда 73 көшеде ұзындығы 67,4 км болатын жолдарға орташа жөндеу жүргізілуде. Бүгінгі таңда ұзындығы 15,1 км болатын 22 көшеде жөндеу жұмыстары аяқталды, ұзындығы 10,265 км болатын 12 көшеде құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілуде, ұзындығы 42 км 39 көшеге асфальт төсеу жоспарлануда.
 
Қазіргі уақытта Шаңырақ-2, Ұлжан-2, Өжет шағын аудандарында орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
 
Сонымен қатар, инженерлік желілерді жаңғыртуға да көңіл бөлінуде. Бүгінгі таңда жалпы ұзындығы 199 км болатын Шапағат, Қарасу, Алғабас, Өжет, Самғау, Ақбұлақ, Боралдай шағын аудандарында желілердің құрылысы жүргізілуде. Оның ішінде су – 108 км, су бұру – 91 км. Ағымдағы жылы 300 км инженерлік желілерді жүргізуге жобалау-сметалық құжаттама әзірленді, бұл аудан тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз етеді.
 
Көк Қайнар, Томирис, Шаңырақ-2 шағын аудандарында сарқынды суларды ағызуа арналған 17 кәріздік сорғы станцияларының құрылысы жүргізілуде. Осы арқылы салынған кәріз желілерін пайдалануға беруге мүмкіндік ашылады.
 
Алатау ауданында жалпы ұзындығы 560 км болатын 18 634 жарық нүктесі бар. 218 көше бойынша жарықтандыруға ағымдағы жөндеу жүргізілді. Сонымен қатар, басқарма 194 көшеде келесі жұмыстарды жүргізеді:
 
- оқшауланған өзін көтеруші сыммен 155 км монтаждау;
- 1967 дана кронштейндер орнату;
- 5350 дана шам орнату;
 
Сонымен қатар, тұрғын үйлерді газдандыру жұмыстары жүргізілуде. Аудан аумағында 37 800 үй бар. Оның ішінде газға 37 134-і қосылған. 2019 жылы газға 1032 үй, ағымдағы жылы — 418 үй қосылды. Осы бағыттағы жұмыстар жалғасуда.
Соңғы жаңалықтар

Әскерилер қан тапсырды

Аймақтар • Бүгін, 12:33

Пневмониядан 2 адам қайтыс болды

Коронавирус • Бүгін, 09:17

«Сочиді» тізе бүктірді

Хоккей • Бүгін, 08:07

ТОП-10 боксшының қатарында

Кәсіпқой бокс • Бүгін, 08:05

Қызыққа толы Премьер-лига

Футбол • Бүгін, 07:59

Сахна сардары

Өнер • Бүгін, 07:55

Тарихты таразылаған туынды

Руханият • Бүгін, 07:43

Ұқсас жаңалықтар