Қазақстан • 22 Қазан, 2020

Qazsport "Astana Open" турнирін тікелей эфирде көрсетеді

11 рет көрсетілді

"Qazsport" телеарнасы ATP 250 "Astana Open" турнирін тікелей эфирде көрсетеді, деп хабарлайды Egemen.kz телеарнаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

АТР 250 сериясы аясындағы мұндай халықаралық турнир Қазақстанда алғаш рет өтеді. 25 қазан мен 1 қараша аралығында "Дәулет" ұлттық теннис орталығында 30 елдің үлкен ракетка шеберлерінің басы қосылмақ. Басым бөлігі әлемдік рейтингтің алғашқы жүздігіне енетін ойыншылар.

Бенуа Пэр, Ришар Гаске, Жиль Симон, Адриан Маннарино бастаған бір топ француз теннисшілері өз өнерлерін ортаға салады. Сонымен қатар Фернандо Вердаско, Пабло Андухар, Джон Миллман, Миомир Кецманович, Фрэнсис Тиафо сияқты саңлақтар сынға түседі.

Қазақстанның намысын Александр Бублик, Михаил Кукушкин, Дмитрий Попко, Денис Евсеев, Тимофей Скатовтар қорғайды. Жұптық сайыста Андрей Голубев пен Александр Недовесов және Бублик-Кукушкин жұбы бақ сынайды.

Жарыстың тікелей трансляцияларын отандық көрермендер "QAZSPORT" телеарнасының эфирінен тамашалай алады. Сондай-ақ, ойындарды Qazsporttv.kz сайты мен Qazaqstan.tv мобильдік қосымшасы арқылы бақылауға болады.

Соңғы жаңалықтар

Әскерилер қан тапсырды

Аймақтар • Бүгін, 12:33

Ұқсас жаңалықтар