Абай • 22 Қазан, 2020

Абай мерейтойына орай жас ақындар айтысы өтеді

45 рет көрсетілді

Ұлы ақын, дала кемеңгері Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай 30 қазанда "Өлең – сөздің патшасы..." атты республикалық жас ақындар айтысы өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz оқу орнының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті ұйытқы болған шара онлайн режімде ұйымдастырылмақ.  Өскелең ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеп, олардың таным-талғамын ұлт руханиятына бағыттауды көздейтін сөз зергерлерінің сайысы ұлттың ұлылығын ұлықтап, төл мәдениетіміздің мерейін арттыруға сеп болмақ.

Айтыс барысында ақындар "Абай – дана, Абай – дара", "Рухани жаңғыру – басты бағдар", "Туған жер – тұрған жермен өлшенбейді", "Ана тілім – ардағым", "Тәуелсіздік – тұғырым" тақырыптары бойынша сөз жарыстырады.

"Байтағы – сырға, көмейі – жырға тұнған Ұлы даланың төсінде сан ғасырлар бойытөл руханиятымыздың сарқылмас қазынасына айналған құндылықтар қалыптасты. Ұлттық болмысымыз бен айқын нышанымызға айналған дара дәстүріміз пайда болды. Бабадан балаға мирасқа айналған мәдени мұраларымыз екшелді. Соның бірі – айтыс өнері. Айтыс – дәуірлермен қанаттасып, ғасырлармен үндесіп, заманалармен тілдесіп келе жатқан ұлы өнер. Айтыс – қазақтың қанына сіңген бекзат яки бірегей дүние. Бұл өнер – дала философиясымен сабақтасып, қанаттасып жатқан мәдени мұраларымыздың бірі һәм бірегейі ретінде ұлт қазынасының қатарына енді", дейді Қыздар университетінің Баспасөз және қоғаммен байланыс бөлімінің жетекшісі Жандар Асан.

Айта кетейік, хәкім мерейтойына арналған өнер жарысының мақсаты – жас ақындардың өрнекті сөздері мен өрелі өнері арқылы ел мұраты мен құндылықтарын насихаттау, Абай мұралары арқылы ұлт әдебиетінің табыстарын және тәуелсіздік жылдары қол жеткен жетістіктерді дәріптеу.

Соңғы жаңалықтар

Саңлақтар сыр бермеді

Спорт • 27 Қараша, 2020

Тұрғын үй алаяғы қолға түсті

Қоғам • 27 Қараша, 2020

Алматы облысында жер сілкінді

Оқиға • 27 Қараша, 2020

Ұқсас жаңалықтар