Қазақстан • 22 Қазан, 2020

Қазақстанда 10 мың шақырым жол мониторингтен өтті

6 рет көрсетілді

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы биыл 9 айда жүргізілген жұмыстың қорытындысын шығарды, деп хабарлайды Egemen.kz

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы биыл 9 айда жүргізілген жұмыстың қорытындысын шығарды.

Орталық республикалық тасжолдарға құралдық мониторинг жүргізіп, жағдайына баға беру бағытында қыруар жұмыс атқарған. Жоспар бойынша заманауи техникамен жабдықталған көшпелі зертханалар жыл соңына дейін республикалық автожолдардың 16,5 мың шақырымын тексеруі қажет. Бүгінде 10 мың шақырымы зерттелген. Елімізде мұндай ауқымды жұмыстар тәуелсіздік жылдарында алғаш рет жүргізіліп жатыр екен.

Айта кету керек, зерттелген 10 мың шақырым жолдың 78%-ы тегістік индексіне сәйкес келеді. Ол жол жамылғысының күйін көлік құралы қозғалысының бірқалыптылығына сәйкес сипаттайды.

Бұдан бөлек, 9 айда Орталық 20 мыңнан астам үлгіні таңдап, сынап көрген. Олардың 4 мыңы немесе 25%-ы нормаларға сәйкес келмейтіні анықталды. Сондай-ақ 7,5 мың заңбұзушылық белгілі болған. Анықталған олқылықтардың 88%-ы мердігер ұйымдармен түзетілді.

Соңғы жаңалықтар

Жоғарғы сот судьялары сайланды

Қазақстан • Бүгін, 10:35

218 адамның ахуалы нашар

Медицина • Бүгін, 09:45

Абайды сомдаған актерлер

Өнер • Бүгін, 08:30

Отанға адал болуға ант берді

Руханият • Бүгін, 08:27

Экскурсия сабағына қатысты

Қоғам • Бүгін, 08:00

Ұлылар үндестігі

Оқиға • Бүгін, 07:56

«Киік» акциясы басталды

Экология • Бүгін, 07:52

Мақсат – ауруды ауыздықтау

Аймақтар • Бүгін, 07:48

Медициналық жабдықтар жаңарды

Аймақтар • Бүгін, 07:47

Ұқсас жаңалықтар