Экономика • 22 Қазан, 2020

Жаңа инвестициялардың үлесін ұлғайтады

8 рет көрсетілді

Кеше онлайн форматта өт­кен Қазақстандық инвес­­ти­ция­лық форумда Қазақ­стан­ның инвестициялық мүмкін­діктері талқыланды. Іс-шараны «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ «Kazakh Invest» ҰК» АҚ және Қазақстанның Ұлыбританиядағы Елшілігімен серіктестікте ұйымдастырды. Форумға «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Ахмет­жан Есімов, қордың портфельдік компанияларының басшылары, Ұлыбритания мен Қазақстан бизнес-қауымдастықтарының өкілдері қатысты.

Қор басшысы Ахметжан Есімов форумның онлайн-сессиясын аша отырып, пандемияның алғашқы толқыны кезінде алынған тәжірибе негізгі өнді­рістік көрсеткіштердің елеу­лі төмен­деуіне, кәсіпорындардың тоқ­тап қалуына немесе өндірістік персо­налдың қысқаруына жол бермей, сын-қатерлерге төтеп бергенін атап өтті.

Сонымен қатар корпоративтік басқарудың озық әдістерін енгізу, негізгі басқару шешімдерін қабылдау тәсілдерін жетілдіру БҰҰ-да жоғары бағаланады. Еске сала кетейік, өткен аптада БҰҰ «Самұрық-Қазына» қорын тұрақты дамуды, тұрақты даму бас­тамалары мен ESG принциптерін жүзеге асыруды қамтамасыз ететін 20 озық қордың тізіміне қосты. Ағым­дағы жылдың маусым айында S&Р Global Ratings халықаралық рей­тинг­тік агенттігі «Самұрық – Қазына» АҚ-ның ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді кредиттік рейтингтерін «ВВ+/В» деңгейінде растады, болжам – «Тұрақты». Fitch Ratings агенттігі қорға «BBB» деңгейінде рейтинг берді, болжам «Тұрақты/»F2».

«Самұрық-Қазына» сенімді бизнес-серіктес ретінде берік беделге ие. ҰӘҚ басшысы Ахметжан Есімов қазақстандық инвестициялық форумға қатысушыларға арнаған үндеуінде қордың қазақстандық-британдық өзара әрекеттесу әлеуетін іске асыруға мүдделі екендігін атап өтті.

«Алдағы 5 жылда қор Қазақстан Республикасындағы жаңа инвестиция­лардың үлесін таза активтер құнынан 2%-дан 10%-ға дейін, ал халықаралық, тікелей және портфельдік инвести­циялардың жалпы үлесін 2028 жылға қарай 20%-ға дейін ұлғайтуды жоспарлап отыр», деді А.Есімов.

Әлемдік COVID-19 дағдарысына қарамастан, қор құнды ұлғай­ту мүм­кін­діктерін іздеуді жалғас­тыруда және өзгермелі әлем мен инвестиция­лық ортаға ашық болып қала береді. Тек соңғы бір жылдың ішінде қор жалпы сомасы 600 млн АҚШ долларын құрайтын тікелей инвестиция қорлары арқылы Қазақстанға инвестицияларды тартуға қолдау көрсетті.

Сондай-ақ, А.Есімов қор жекеше­лендіру бағдарламасын жүзеге асы­руды жалғастыратынын айтты. Ағымдағы жылдың маусым айын­да қор Лондон қор биржасында және «Астана» халықаралық қаржы орта­лығында «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ акцияларының және жаһан­дық депозитарлық қолхаттарының қосым­ша 6,27%-ын орналастырды. Лондон қор биржасы арқылы тартыл­ған инвесторлардың үлесі 43%-ды құрады.

Сөзінің соңында А.Есімов бри­тан­дық компанияларды келешегі бар салаларға инвестиция салуға шақыр­ды. Өз кезегінде, британдық іске­ри қауымдастықтың өкілдері ынты­­мақ­тастықты нығайтуға деген екі жақты ниеттерін растай отырып, қормен қарым-қатынастың жақсы динамикасын атап өтті және Қазақстандағы инвестициялық ахуалды жоғары бағалады.

Соңғы жаңалықтар

Жоғарғы сот судьялары сайланды

Қазақстан • Бүгін, 10:35

218 адамның ахуалы нашар

Медицина • Бүгін, 09:45

Абайды сомдаған актерлер

Өнер • Бүгін, 08:30

Отанға адал болуға ант берді

Руханият • Бүгін, 08:27

Экскурсия сабағына қатысты

Қоғам • Бүгін, 08:00

Ұлылар үндестігі

Оқиға • Бүгін, 07:56

«Киік» акциясы басталды

Экология • Бүгін, 07:52

Мақсат – ауруды ауыздықтау

Аймақтар • Бүгін, 07:48

Медициналық жабдықтар жаңарды

Аймақтар • Бүгін, 07:47

Белсенділігі артып келеді

Саясат • Бүгін, 07:46

Ұқсас жаңалықтар