Қазақстан • 20 Қазан, 2020

Статистика комитеті қызметкерлердің жалақысы бойынша зерттеуін жариялады

14 рет көрсетілді

2020 жылғы маусымда Статистика комитеті қызметкерлердің санын есептелген жалақы мөлшері бойынша бөлу жөнінде бір жолғы зерттеу жүргізді.

Қазақстан Республикасында осы зерттеу жылына бір рет жүргізіледі. Зерттеумен 2020 жылдың маусым айында толық жұмыс істеген қызметкерлер қамтылды. Зерттеуге барлық ірі кәсіпорындар және кейіннен бас жиынтыққа таратыла отырып, ішінара 30% орта және шағын кәсіпорындар іріктеліп қатысты. Зерттеуде барлық қосымша ақыларды, үстемеақыларды, сыйлықақыларды, салықтар мен зейнетақы аударымдарын ескере отырып, 2020 жылғы маусым айы үшін нақты есептелген жалақы туралы деректер пайдаланылды. Қызметкерлерді жұмысшылардың негізгі кәсіптері мен қызметшілердің лауазымдары бойынша бөлу Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің 2017 жылғы 11 мамырдағы № 130-од бұйрығымен бекітілген және қолданысқа енгізілген Казақстан Республикасының Ұлттық кәсіптер сыныптауышына (бұдан әрі - ҰКС) сәйкес жүзеге асырылды.

Зерттеу қорытындысы бойынша кәсіпорындар мен ұйымдардың көрсетілген тобы бойынша 2020 жылғы маусымда толық жұмыс істеген қызметкерлер саны 2713,6 мың адамды құрады, оның ішінде ерлер (1246,6 мың адамды) 45,9%, әйелдер (1467 мың адамды) 54,1% құрады.

Қызметкерлердің жалпы санынан орташа айлық жалақыны 45 000 теңгеге дейін - 1,8% қызметкерлер, 45 000 теңгеден 105 000 теңгеге дейін – 30,8%, 105 000 теңгеден 210 000 теңгеге дейін - 39,2%, 210 000 теңгеден 300 000 теңгеге дейін – 14,2%, 300 000 теңгеден 420 000 теңгеге дейін – 7,2%, 420 000 теңгеден до 600 000 теңгеге дейін – 3,6%, 600 000 теңгеден 750 000 теңгеге дейін – 1,2%, 750 000 теңгеден 900 000 теңгеге дейін – 0,6%, 900 000 теңгеден жоғары – 1,4% қызметкерлер алды.

Экономикалық қызметтер бөлінісінде 75000-ға дейінгі жалақысы мен қызметкерлердің ең көп үлесі «Білім беру» (49,6%) экономикалық қызмет түрінде белгіленген, 450 000 теңгеден жоғары жалақымен – тау-кен өнеркәсібі (21,6%) саласында белгіленген.

Қызметкерлердің орташа айлық жалақысының медиандық мәні 142 291 теңгені құрады. Қызметкерлердің орташа айлық жалақысының модальдік мәні 169 792 теңгені құрады. Орташа айлық жалақының дифференциациясының децильдік коэффициенті 5,8 құрады.

Қазақстан Республикасы бойынша негізгі кәсіптер мен лауазымдардың топтары бойынша қызметкерлердің жалақысы

теңге

 

 

2018

2019

2020

Басшылар және мемлекеттік қызметшілер

   322 115

  332 440

354 462

Кәсіби мамандар

   168 387

  168 737

214 758

Техник мамандар және басқа да кәсіби көмекші персонал

   121 748

  131 323

165 218

Әкімшілендіру саласындағы қызметшілер

   132 051

  143 343

163 952

Көрсетілетін қызметтер және сауда-саттық саласының қызметкерлері

83 382

88 958

105 414

Фермерлер және ауыл мен орман шаруашылығының, балық шаруашылығының және балық аулау жұмысшылары

76 366

  95 163

110 576

Өнеркәсіп, құрылыс, көлік және басқа тектес қызметтердің жұмысшылары

134 379

  154 665

164 963

Өндірістік жабдық операторлары, құрастырушылары және жүргізушілері

144 946

  160 020

195 694

Біліктілігі жоқ жұмысшылар

61 173

  73 541

83 719

 

Қазақстан Республикасы бойынша жұмыскерлердің есептелген жалақы мөлшері бойынша құрылымы

пайызбен

 

 

2018

2019

2020

Барлығы

100%

100%

100%

 олардан жалақыны алғандар:

 

 

 

45 000 теңгеге дейін

11,0

3,4

1,8

45 000 теңгеден 105 000 теңгеге дейін

38,3

42,7

30,8

105 000 теңгеден 210 000 теңгеге дейін

33,5

35,6

39,2

210 000 теңгеден 300 000 теңгеге дейін

8,0

8,9

14,2

300 000 теңгеден 390 000 теңгеге дейін

3,3

3,4

7,2

390 000 теңгеден жоғары

5,9

6,0

6,8

 

Орташа білімімен қызметкерлердің орташа айлық жалақысы 133 268 теңгені, жоғары біліммен – 247 015 теңгені және жоғары оқу орнынан кейінгі біліммен – 472 654 теңгені құрады.Қызметкерлердің жасына қарай бөлінісінде 16 жастан 24 жасқа дейінгі орташа айлық жалақысы 134 843 теңгені, 25 жастан 28 жасқа дейін 168 508 теңгені, 29 жастан 34 жасқа дейін 200 629 теңгені, 35 жастан 44 жасқа дейін 219 270 теңгені, 45 жастан 54 жасқа дейін 204 527 теңгені, 55 жастан 64 жасқа дейін 190 950 теңгені, 65-тен жоғары - 229 407 теңге құрады.

*Кәсіпкерлік қызметпен айналысатын шағын кәсіпорындарды есепке алмағанда.

Медиандық жалақы – есептелген жалақы мөлшерібойынша қызметкерлер санын бөлу қатарының ортасында тұрған және оны тең екі бөлікке бөлетін – төмен және жоғары медиандық жалақымен жалақы мөлшері;

модальдік жалақы – есептелген жалақы мөлшері бойынша қызметкерлер санын бөлу қатарында жиі кездесетін жалақы өлшемі;

децильдік коэффициент дифференциациясы – қызметкерлердің жалақы деңгейінің бойынша коэффициенті, ол 10% қызметкерлердің орташа жалақысының ең жоғары 10% қызметкерлердің ең төмен жалақысымен ара қатынасын сипаттайды.

Соңғы жаңалықтар

Алдағы күндері аяз болады

Аймақтар • Бүгін, 11:25

Елордада STEM олимпиадасы өтті

Аймақтар • Бүгін, 10:30

Пневмонияның 43 жағдайы тіркелді

Коронавирус • Бүгін, 09:10

Саңлақтар сыр бермеді

Күрес • Бүгін, 08:28

Білім мен рухани бірлік алаңы

Руханият • Бүгін, 08:23

Ел чемпионатында топ жарды

Спорт • Бүгін, 08:20

Ой түбінде жатқан сөз...

Қоғам • Бүгін, 08:17

Аңыздар айқасы тең аяқталды

Кәсіпқой бокс • Бүгін, 08:15

Тәжікстаннан да төмен тұрмыз

Футбол • Бүгін, 08:07

Алға ұмтылған Ақмола

Елорда • Бүгін, 08:02

Көреген көшбасшы

Елбасы • Бүгін, 07:45

Әлемнен алғыс алған тұлға

Елбасы • Бүгін, 07:33

Құрметті отандастар!

Қоғам • Бүгін, 07:30

Елбасы және Сыр елі

Аймақтар • Бүгін, 07:28

Қылмыс азайып келеді

Қоғам • Бүгін, 07:22

Ұқсас жаңалықтар