Қазақстан • 31 Наурыз, 2020

Төтенше жағдай кезінде той жасауда

35 рет көрсетілді

Полиция қызметкерлері еріктілермен бірге төтенше жағдай режимін бұзғандарды анықтау жұмысын жалғастыруда.

Тәртіп бұзушылардың дені – дәмханалар мен дүкен иелері. Олар белгіленген мерзімнен кейін (22:00 сағат) жұмыс істеуде. Бір азаматтар бетперде тақпаса, енді бірі салтанатты іс-шараларды өткізеді.

Мәселен жуырда Ақтөбе облысына қарасты Қарғалы ауылындағы демалыс базаларының бірі тыйым салынғанына қарамастан той ұйымдастырды. Мекеме иесіне 26500 теңге айыппұл салынды. Барлық тәртіп бұзушылар Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 476-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Анықталған 74 бұзушылықтардың сегізі қамауға алынса, 32-сіне айыппұл салынды.

Соңғы жаңалықтар

Әскерилер қан тапсырды

Аймақтар • Кеше

Ұқсас жаңалықтар