Әлем • 28 Ақпан, 2020

Коронавирус: Қытайдағы эпидемиологиялық жағдай жақсарып келеді

102 рет көрсетілді

Қытайда коронавирустың жаңа түрін жұқтырғандардың 46 пайызы емделіп, ауруханадан шығарылды. Ақпаратты ҚХР Денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі мемлекеттік комитетінің деректері растады. Бұл туралы РИА Новости хабарлады

Қытайдағы коронавирусты жұқтырудың расталған жағдайларының саны 78 824 адамға жетті, оның ішінде 36 117 адам емделіп, ауруханадан шығарылды. 

Хубэй провинциясын есептемегенде бүкіл Қытай бойынша індет басталғаннан бері барлығы 12 910 жұқтыру оқиғасы тіркелді, оның ішінде 106 өліммен аяқталған, өлім-жітім 0,8% құрады.

Хубэй провинциясының өзінде індет ошағында 65 914 жұқтыру оқиғасы анықталды, оның 2682-і қайтыс болды, өлім-жітім 4%-ды құрады.

Соңғы тәулікте ел бойынша 327 жаңа жұқтыру оқиғасы анықталды, бұл ретте Хубэй провинциясынан тыс жерлерде тек тоғыз жағдай тіркелді. Алғашқы рет тәулігіне шығарылған пациенттердің саны 3 мыңнан асты. Өткен тәулікте 44 өлім оқиғасы тіркелді, оның 41-і - Хубэй провинциясында. 

Қытай билігі 2019 жылы 31 желтоқсанда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Ухан қаласында (Хубэй провинциясы) белгісіз пневмонияның өршуі туралы хабардар етті. Мамандар аурудың қоздырғыштарын анықтады - бұл жаңа коронавирус.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы халықаралық маңызы бар төтенше жағдай деп танып, ауруға ресми атау берді – COVID-19.

Соңғы жаңалықтар

Келер жылы тариф көтерілмейді

Экономика • Бүгін, 08:19

Комиссия отырысын өткізді

Саясат • Бүгін, 08:04

Жасанды интеллект жәрдемі

Технология • Бүгін, 07:58

Аң-құсқа да қамқорлық қажет

Оқиға • Бүгін, 07:55

Жаңа аудандағы жасампаз іс

Аймақтар • Бүгін, 07:53

Ауылдағы сервистік әкімдік

Аймақтар • Бүгін, 07:48

Әлемді қызғылт сары етейік

Қоғам • Бүгін, 07:37

Елбасы және Қазақстан ғылымы

Елбасы • Бүгін, 07:27

Мұғалім жасаған сабын

Ғылым • Бүгін, 07:09

СКА-ға есе жіберді

Хоккей • Бүгін, 07:09

Абайдың 180 өлеңін жатқа айтады

Аймақтар • Бүгін, 07:08

Ұқсас жаңалықтар