Абай • 17 Ақпан, 2020

Семейде Абай бейнесі жаңаша ұсынылмақ

61 рет көрсетілді

Ақпанның 21-22 күндері «Дариға-ай»» жастар театры Мұхтар Әуезовтың «Ғажайып трагедиясы» спектаклінің тұсаукесерін өткізбек. Спектакль ұлы ақынның өмір жолы мен шығармашылық жолын баяндайды.

Дайындығы төрт айға созылған  қойылымға 13 актер қамтылған. Ал сахна декорациясына астаналық мамандар шақырылған. Спектакль режиссері Гаухар Адайдың айтуынша, актерлерге қойылған басты талап, кейіпкерлердің сырт бейнесін айнытпай беру емес, өз шеберліктері арқылы олардың мінез-құлқын, жан дүниесін көрерменге шынайы жеткізе білулері қажет. Семей ақпараттық орталығының хабарлауынша, қойылымның тағы бір ерекшелігі - жанды дауыс екен. Актерлердің ойнау шеберлігін терең ұғыну үшін көрерменге ұялы телефондарын сөндіріп қоюға тура келеді.

- Біз  сахнадағы көріністер арқылы көрермендерге оқиға желісі бойынша  белігілі бір бағытты насихаттауды мақсат етпедік, - деді режиссер Гаухар Адай, - тек аудиторияны терең ойға жетелеп, нақты бір түйін түюге жетелей алсақ дегенді ойға алдық. Абай бейнесін сомдайтын әртісте көзіміз үйренген  ақын бейнесіндегі   сақал, басқа да бет-әлпет ұқсастығы болмайды. Біздің әртістер кейіпкерлер бейнесін келбет ұқсастығымен емес, өздерінің актерлік қарым – қабілеттерін, образды сомдаудағы  актерлік шеберліктері арқылы  көрсететін болады. Осының бәрін терең ұғыну үшін ұялы телефондардың өшіп тұрғаны дұрыс болар еді.

Ал актерлар үшін ұлы жерлестерінің рөлдерін шынайы түрде сахналай білулері – үлкен сынақ. Абай бейнесін сомдайтын Еркебұлан Нұғымановтың ойынша, Абай рөлін ойнау зор құрмет әрі үлкен жауапкершілік.

- Кез келген актер өзіне берілген кейіпкерді шынайы бейнелеуге тырысады. Ал, Абай бейнесін сомдау актер үшін зор бақыт, үлкен жауапкершілік. Көрермендерді шынайы талантымызбен тәнті ете білсек деп барынша тырысудамыз. Әріптестеріме тек қана табыс тілеймін,- дейді Еркебұлан Нұғыманов.

Семей ақпараттық орталығыың мәліметінше, спектакльдің тұсаукесері ақпанның 21-22 күндері өтпек. Сол күні театрдың негізін қалаушы профессор Дариға Тұранқұлова мен жазушы-драматург Асылбек Ықсан, басқа да атақты адамдар  келеді деп күтілуде. Сонымен бірге қаламыздың  театр ұжымдары Абай Құнанбаевтың мерейтойына орай алдағы уақыттарда  облыс бойынша гастрольге шығуды да жоспарлап отыр.

Соңғы жаңалықтар

Саңлақтар сыр бермеді

Спорт • 27 Қараша, 2020

Тұрғын үй алаяғы қолға түсті

Қоғам • 27 Қараша, 2020

Алматы облысында жер сілкінді

Оқиға • 27 Қараша, 2020

Ұқсас жаңалықтар