Әлем • 20 Ақпан, 2019

Ким Чен Ын Си Цзиньпинмен кездесуі мүмкін

215 рет көрсетілді

Корей Халық Демократиялық Республикасының басшысы Ким Чен Ын АҚШ президенті Дональд Трамппен кездесуден соң Қытайға іссапармен баруы мүмкін. АҚШ басшысымен кездесу ақпанның 27-28 күндері Ханоеде өтеді деп жоспарланған. Бұл туралы ТАСС жаңалық агенттігі хабарлады.

Агенттіктің хабарлауынша, былтыр Ким Чен Ын Трамппен Сингапурде кездескеннен кейін ҚХР-ға аттанған. Кореялық Yonhap жаңалық агенттігі Ким Чен Ынның наурыз айындағы сапары туралы болжамына сенімді. Олардың айтуынша, соңғы жылы Ким Чен Ын Си Цзиньпинмен төрт рет кездескен.

АҚШ пен КХДР мемлекет басшыларының алғаш кездесуі 2018 жылдың 12 маусымында Сингапурде өтті. Кездесу соңында Трамп пен Ким Чен Ын Пхеньянның толық денуклеаризацияға дайын екенін, ал АҚШ өз кезегінде қауіпсіздік шараларын қолға алатынын мәлімдеді.

9 ақпан Дональд Трамп Ким Чен Ынмен екінші кездесуі Вьетнам астанасында 27-28 ақпанда өтетінін хабарлады.

Соңғы жаңалықтар

218 адамның ахуалы нашар

Медицина • Кеше

Ұқсас жаңалықтар