Аймақтар • 04 Желтоқсан, 2020

Шымкентте өнеркәсіп өнімінің көлемі артты

7 рет көрсетілді

Шымкент қаласында 2 жыл бұрын өнеркәсіп өнім көлемі 319 млрд теңге болса, бүгінгі күні 523 млрд теңгеге жеткен.  Бұл туралы Шымкент қаласы әкімі Мұрат Әйтенов Президент жанындағы ОКҚ алаңында өткен баспасөз брифингінде баяндады, деп хабарлайды Egemen.kz

"Елбасы Жарлығымен Шымкент қаласының республикалық маңызы бар қалалар санатына қосылғанына 2 жылдан астам уақыт өтті.  Бұл тарихи шешім қаламыздың болашағы үшін үлкен мүмкіндік ашты. Осы жылдар аралығында шаһарға 1 трлн теңге инвестиция тартылды. Қала бюджеті 131,2 млрд теңгеден 455,4 млрд теңгеге дейін ұлғайды, деді М.Әйтенов.

Сондай-ақ белсенді кәсіпкерлердің үлесі 71 пайыздан 88 пайызға артқан.

Соңғы жаңалықтар

Ұқсас жаңалықтар