Президент • 04 Желтоқсан, 2020

Ақмола тұрғындары 21.00-ден 06.00-ге дейін сыртқа шықпауы тиіс

4 рет көрсетілді

Қаулыда азық-түлік, бірінші кезекте қажетті тауарлар, дәрі-дәрмек және медицина бұйымдарын сатып алу; шұғыл жағдай бойынша медициналық мекемеге баруды қоспағанда, барлық тұрғындарға, әсіресе 65 жастан асқан адамдарға аса қажетті себептерсіз үйлерінен сағат 21.00-ден 06.00-ге дейін шықпауы тиіс, деп хабарлайды Egemen.kz

Сонымен бірге, санитарлық бекеттерден (жол парақтарын, жұмыс нарядтарын, жоспар-тапсырмаларды, тауар жүкқұжаттарын, іссапар құжаттарын, медициналық мекемелердің жолдамаларын, редакциялық тапсырмаларды, сондай-ақ жеке куәліктерін көрсеткен кезде) мына тұлғаларға кедергісіз кіруге/шығуға рұқсат етіледі:
- медициналық көрсеткіштер бойынша кіретін және шығатын адамдар;
- транзиттік жолаушылар мен жүк тасымалдаушылары;
- вахта қызметкерлерін тасымалдайтын көлік құралдары;
- COVID-19 таралуының алдын алу жөніндегі іс-шараларына тартылған көлік пен адамдар, ұйымдар;
- тіршілікті қамтамасыз ететін кәсіпорындар (оның ішінде жабдықтарды баптау бойынша сервистік қызмет көрсетуді қамтамасыз ететін кәсіпорындар), көлік пен адамдар, ұйымдар;
- «STOPCORONA.KZ сайтында тіркелген Ақмола облысында тұрмайтын адамдар, тамақ өнімдерін өндірушілер мен ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері, көлік пен адамдар;
- осы елді мекенде тіркелген жағдайда, тұрақты тұратын жеріне қайтып келетін Көкшетау және Степногор қалаларының тұрғындары

Азық-түлік емес дүкендердің қызметі жұмыс, демалыс күндері сағат 09:00-ден 20.30-ға дейін шектеледі.

Сауда-ойын-сауық орталықтарының, сауда желілерінің қызметі жұмыс, демалыс күндері сағат 10:00-ден 20.30-ге дейін шектеледі.

Соңғы жаңалықтар

Ұқсас жаңалықтар