Әлем • 01 Желтоқсан, 2020

Ресейде вирустан бір тәулікте 596 адам қайтыс болды

28 рет көрсетілді

Ресейде коронавирустан бір тәулікте 596 адам қайтыс болды. Сондай-ақ қауіпті індетті жұқтырғандардың саны 26 402-ге жетті, деп хабарлайды Egemen.kz

Ресейде коронавирус жұқтырып, көз жұмғандар саны бір тәулікте 569 адамды құрады.

Бұл індет тарағалы бергі ең жоғарғы көрсеткіш. Бұның алдындағы тәулікте 368 адам қайтыс болған еді.

Коронавируспен күрес жөніндегі федералдық жедел штаб өкілдері инфекциядан барлығы 40 464 пациент қайтыс болғанын мәлім еткен болатын.

Штаб таратқан мәліметтерге қарағанда, аурудан қайтыс болу көрсеткіші әзірге 1,74% деңгейінде қалып отыр. Қайтыс болғадардың 30% ауру ең көп тараған Мәскеу (76), Санкт-Петербург (85) және Мәскеу маңындағы аймақтарға (21) тиесілі. Жедел штабтың мәліметтеріне қарағанда, соңғы тәулікте Ростов облысында 25 адам, Краснояр өлкесінде 22 адам, Коми Республикасында 17 адам қайтқан.

Соңғы жаңалықтар

Ұқсас жаңалықтар