Аймақтар • 27 Қараша, 2020

Республикалық маңызы бар 8 тас жол қолданысқа берілді

98 рет көрсетілді

Бүгінге дейін жалпы ұзындығы 399 шақырым болатын республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын қалыпқа келтірудің 8 учаскесі қолданысқа берілді. Құрылыс еліміздің 7 өңірінде аяқталды, деп хабарлайды Egemen.kz

Мәселен, Павлодар облысында "Нұр-Сұлтан – Павлодар" тасжолының 91 шақырымы пайдалануға берілді. Солтүстік Қазақстан облысында жолшылар ұзындығы 36 шақырым болатын "Петропавл- РФ шекарасы (Курган), Көкшетау қаласына кіреберіс" учаскесін қайта жаңартты. Ал Маңғыстау облысында "Бейнеу – Ақжігіт" жолының 0-85 шақырым учаскесі және "Жетібай-Жаңаөзен" жолының 73 шақырымы тапсырылды. Ақтөбе облысында республикалық маңызы бар "Ақтөбе-Қандыағаш-Атырау" автожолының ұзындығы 17 шақырымдық учаскесі реконструкциядан өтіп, қолданысқа берілді. Бұдан бөлек, Атырау облысында "Атырау-Астрахань" тасжолының 20 шақырымдық аумағы мен Алматы облысында "Үшарал – Достық" жолының 30-60км учаскесі де жаңартылды. Сондай-ақ, жол компанияларымен Орталық-Оңтүстік дәлізінің екі аумағы пайдалануға берілді. 47 шақырымды құрайтын Қарағанды қаласының Солтүстік және Шығыс айналма жолдары.

Айта кетейік, биыл елімізде құрылыс пен қайта жаңарту жұмыстарымен  республикалық маңызы бар автожолдардың 4 мың шақырым қамтылған.

Соңғы жаңалықтар

Теміржол билеттері қымбаттайды

Қазақстан • Бүгін, 11:19

Батыс Қазақстанда күн суытады

Ауа райы • Бүгін, 10:56

Пневмониядан 2 адам қайтыс болды

Коронавирус • Бүгін, 09:23

Келешегі өрісті өндіріс орны

Аймақтар • Бүгін, 08:16

Ұтымды ұсыныстар жасалды

Пікір • Бүгін, 08:09

Шарын балуан

Руханият • Бүгін, 07:54

Оберхофтағы сәтсіздік

Спорт • Бүгін, 07:36

Генерал киген китель

Оқиға • Бүгін, 07:28

Енді ешкім дауласа алмайды

Таным • Бүгін, 07:13

Ұқсас жаңалықтар