Оқиға • 26 Қараша, 2020

«Алаш» – нағыз ұлттық идея

31 рет көрсетілді

Кеше «Ақ жол» партиясы Алаш көшбасшыларының бірі Міржақып Дулатұлының туғанына 135 жыл толуына орай «Оян, қазақ!» атты онлайн конференция өткізді. Конференцияға партия төрағасы Азат Перуашев, «Алаш» мәдениет және рухани жаңғыру институтының директоры Сұлтанхан Аққұлы, Мәжіліс депутаты Берік Дүйсембинов, алаштанушы ғалымдар мен қоғам қайраткерлері қатысты.

Конференцияда Мемлекеттік тарих институтының директоры, профессор Еркін Әбіл, Ш.Уәлиханов атындағы тарих және этнология институтының директоры, академик Зиябек Қабылдинов, белгілі ғалым-алаштанушылар Марат Абсеметов, Ғарифолла Әнес, Дихан Қамзабекұлы, Ербол Тілешов, Амантай Шәріп, Алмасбек Әбсадықов, Сайлаубай Ерлан, Сағымбай Жұмағұл және басқа да алаштанушылар баяндама жасап, көрнекті ағартушы, ақын, жазушы, қоғам қайраткері әрі жалынды көсемсөз шебері М.Дулатовтың қазақ әдебиетіне қосқан үлесі мен оның туындылары жапон және түрік тіліне аударылғанын тілге тиек етті.

Конференциядағы қорытынды сөзінде А.Перуашев «Біз «Алаш» саяси мұраларын Қазақстанды жаңғыртудың ұлттық идеясы ретінде қараймыз және олардың мұраттарын мемлекеттік құрылыста, экономика және қоғамда табандылықпен жылжытатын боламыз. Алашорда қайраткерлері мәлімдегендей Қазақстанның 20-25 жылдың ішінде өзінің қоғамы мен экономикасын жаңғыртуға және әлемде лайықты орнын алуға барлық мүмкіндігі бар дегеніне сенеміз», деді.

Конференцияда жасалған ғылыми баян­дамалар жинақ түрінде жарық көретін болады.

 

 

Соңғы жаңалықтар

Келешегі өрісті өндіріс орны

Аймақтар • Бүгін, 08:16

Ұтымды ұсыныстар жасалды

Пікір • Бүгін, 08:09

Шарын балуан

Руханият • Бүгін, 07:54

Оберхофтағы сәтсіздік

Спорт • Бүгін, 07:36

Генерал киген китель

Оқиға • Бүгін, 07:28

Енді ешкім дауласа алмайды

Таным • Бүгін, 07:13

Соққан жел нысандарды қиратқан

Аймақтар • 16 Қаңтар, 2021

Атырауда қанша қайыршы бар?

Аймақтар • 16 Қаңтар, 2021

Сочиде сайысқа түседі

Спорт • 16 Қаңтар, 2021

Ақтөбе облысында базар жанып кетті

Аймақтар • 16 Қаңтар, 2021

Ұқсас жаңалықтар