Пікір • 26 Қараша, 2020

Тәуелсіздіктің жеті жетістігі

319 рет көрсетілді

Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Бола­шаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы жария­ланғалы үш жылдан асты.

 

Одан кейін «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы жарияланды. Сол кезде өңірдегі «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінде жұмыс істей жүріп, аталған мақала­лардың маңы­зын, ұлттың ұлт ретін­де жойылмауы үшін қажетті құн­дылықтарды сақ­тау мәселесі туралы насихаттау ша­раларына қатыстым. Сонда бір бай­қағаным, қазір көпшіліктің түсіні­гінде қалыптасқан бір қағида бар. «Бұл маған не береді?» деген түсінік. Демек, қазіргі көзқарас алдымен  материалдық қажеттілікке тіреледі.

Ал шындығында материалдық қажет­тіліктен жоғары тұратын ұлт­тық  мәселелер бар. Мәселен, ұлт­­тың тілі, салт-дәстүрі секілді руха­­ни  құндылықтарды жоғалтып ал­май, сақтап қалудың жолы бар ма? Осы орайда Тұңғыш Пре­зи­дент – Елбасы Нұрсұлтан Назар­баевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық ма­қа­­ласында рухани жаңғырудың негізгі бағыты мен ерекшеліктеріне ой жүгіртіп, «Жаңғыру атаулы бұ­рын­ғыдай тарихи тәжірибе мен ұлттық дәстүрлерге шекеден қара­мауға тиіс. Керісінше, замана сыны­нан сүрінбей өткен озық дәс­түр­лерді табысты жаңғырудың маңызды алғы­шарттарына айналдыра білу қажет. Егер жаңғыру ел­дің ұлттық-руха­ни тамырынан нәр ала алмаса, ол адасуға бастайды. Сонымен бірге рухани жаңғыру ұлттық сананың түрлі полюстерін қиыннан қиыстырып, жарастыра алатын құдіретімен маңызды» деп атап өткен еді.

Еліміз тәуелсіздігін алғанға дейі­нгі жағдайымыз қазіргіден мүл­дем аянышты еді. Жер-жерде зауыт-фабрикалардың, кәсіп­орын­дардың жұмысы тоқтап, жалақыны, зейнетақы мен жәр­дем­ақыны кешіктіру белең алды. Күнкөріс қамын күйттеген жұрт­тың ұлттық құндылықтарға көңіл аударуға мұршасы болмады. Сол кезде тәуелсіздігін енді иеленген еліміздің алдында еңсерілмес қаншама сын-қатер тұрды? Мемлекет, Үкімет басшылары тұралауға шақ қалған отандық экономиканы өркендету үшін талай күлкісіз күндерді, ұйқы­сыз түндерді өткізді. Еліміз қалай қалып­тасты, қалай еңсе тіктеді? Қан­дай қиындықтарды еңсерді? Қазір осының бәрі елдің жадында ма? Мұны кейінгі ұрпаққа айтып, наси­хаттап отырған кім бар? 

Осы орайда өскелең ұрпаққа Тұңғыш Президенттің басшы­лы­ғымен қолға алынған реформалар­дың жемісті болғанын арқау еткен «Тәуелсіздіктің жеті қыры» фильмдер топтамасының маңызы зор. Өйткені бұл жобаға тәуелсіздіктің алғаш­қы жылдарындағы жеті негізгі сын-тегеурінді еңсеру жолы са­ра­ланған. Ал оларды Ел­басы 2019 жылғы 21 маусымда өт­кен «Көшбасшылыққа 30 жыл» халықаралық ғылыми-практи­ка­лық конференциясында сөйле­ген сөзінде атаған еді. Ұлт пен тұтастай мемлекеттің табыс­ты болашағы сол сын-тегеурінді ең­серуге байланысты болды. Бұл – нарықтық экономиканың қалып­тасуы, мемлекеттік шекаралар­ды ай­қындау, халықаралық инте­гра­ция­лық процестер, ұлтара­лық келі­сім, антиядролық бастамалар мен Арал­ды құтқару, жаңа елор­­даның құры­лысы, транзиттік әлеует­ті іске асыру, демографиялық проб­лема­лар­ды еңсеру. Өйткені Қазақ­стан – әлем­дік қауымдастық үшін әрі бей­­­таныс, әрі жас мемлекет. Демек, Қазақ­­­стан­ның алдында сын-қа­тер­лер жет­­кілікті болатын. Соның бәрі Тұң­­ғыш Президент іске асыр­ған ре­фор­­малардың нәти­жесін­де тәуел­сіз­­діктің басты жеті жетіс­тігіне айнал­ғаны даусыз. Сөй­тіп қазақ­стан­дық даму моделінің біре­гей­лігі айқындалды.

Отыз жыл бұрын қаз басып, қалыптасқан, қазір әлемдік өрке­ниетте өзіндік орны бар еліміздің жетіс­­тігі туралы фильмдер топта­масы­ның маңызы зор. Енді мұны тек мұғалім­дер, тарихшылар, зейнет жасына жақындаған буынның өкілдері ғана емес, қоғамның барлық мүшесі көргенін қалар едім. Әсіресе жастар арасында насихаттау қажет. Себебі осы фильмді көре отырып, олардың ел мен жерге, ұлт пен ана тіліне деген құрметі арта төсер еді  деген үміт бар. Фильмде тарихи тамыры тереңнен тартылған жеті бөлім – тәуелсіздік бастауындағы жеті жетістігіміз.   

 

P.S. Тұңғыш Президент күні қарсаңында еліміздің білім беру меке­мелерінде «Тәуелсіздіктің жеті қыры» деректі фильмдер топтамасы көрсетіле бас­тады. Олардың негізінде сынып сағаттары, ашық сабақтар, дөңгелек үстелдер, пікірталастар және кураторлық сабақтар өткізіледі. 2,8 миллионнан астам мектеп оқушысын және жоғары оқу орындары мен колледждердің 700 мыңнан астам студентін қамту жоспарлануда. Сонымен қатар іс-шаралар онлайн режімде де өтеді.

 

Орынтай БИМАНОВА,

тарихшы

 

Атырау облысы

 

Соңғы жаңалықтар

Пневмониядан 2 адам қайтыс болды

Коронавирус • Бүгін, 09:23

Келешегі өрісті өндіріс орны

Аймақтар • Бүгін, 08:16

Ұтымды ұсыныстар жасалды

Пікір • Бүгін, 08:09

Шарын балуан

Руханият • Бүгін, 07:54

Оберхофтағы сәтсіздік

Спорт • Бүгін, 07:36

Генерал киген китель

Оқиға • Бүгін, 07:28

Енді ешкім дауласа алмайды

Таным • Бүгін, 07:13

Соққан жел нысандарды қиратқан

Аймақтар • 16 Қаңтар, 2021

Атырауда қанша қайыршы бар?

Аймақтар • 16 Қаңтар, 2021

Ұқсас жаңалықтар