Оқиға • 26 Қараша, 2020

Ұлылықты ұлықтау – парызымыз

5 рет көрсетілді

Елордалық Қазақстан халқы Ассамблеясының қол­дауымен Достық үйінде тұсауы кесілген «Мәміле» қазақ тілі пікір алмасу клубы­ның кезекті сабағы өткізілді.

Сабақтың мақсаты – тыңдау­шыларға қазақ халқының әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлерінің маңыздылығын жан-жақты ашып көрсету, адами қарым-қатынас рөлінің ерекшелігіне маңыз беру, әдептілікті дәріптеу, бата, тілекті насихаттау. Сабаққа елорда этномәдени бірлестіктерінің өкілдері және тілді меңгеруге ниет білдірген еріктілер қатысты.

Мемлекеттік тілді меңгеруге баса мән берген елорда этномәдени бірлестіктері өкілдеріне, ерікті­лерге бұл жолы оқытушы Сағым Естемісова ежелден келе жатқан құндылықтарымыз туралы толымды мәліметтер айтып берді.

Сабақ сәтінде тақырыпты терең  ашу үшін арнайы интерактивті тақта мен бейнекөрініс арқылы құнды деректер тыңдаушылар­ға таныстырылды. «Ұлт дегені­міз – белгілі бір аймақта тарихи қалыптасқан адамдар тобының әлеуметтік-этностық бірлестігі. Қазақ ұлты сонау ғасырлар тереңінен, ру-тайпалық дәрежеден бастап, XIV-XV ғасырларда тұтас халықтық дәрежеге жеткенше талай салт-дәстүрлерді басынан өткізді. "Дәстүрдің озығы бар, дәурені өткен тозығы бар" дегендей, бізге жеткен тәрбиелік мәні зор бүгінгі ұлттық салт-дәс­түр­лер халқымыздың ең қымбат қазынасы», деді С.Естемісова.

Бата беру, тілек және арнау айту – ұлттық дәстүрлерімізді ұлық­тайтын жаhұттарымыз ретінде саналады. Осы құндылықтарға жеке-дара тоқталған оқытушы әрбір сөздің маңызы бар екенін жеткізді. Сонымен бірге жүрекке жылы әсер ететін құндылықтардың жас ұрпақты отансүйгіштікке, тарихи дүниелерді қадірлей білу­ге, адамгершілікті ұлықтай білу­ге үндейтінін айтты. Оқытушы тыңдаушыларға тапсырма беру ар­қылы сабақтың маңызын пы­сық­тап, олардың  ұлттық құнды­лықтарды жетік білулеріне ерекше мән берді.

 

Соңғы жаңалықтар

Келешегі өрісті өндіріс орны

Аймақтар • Бүгін, 08:16

Ұтымды ұсыныстар жасалды

Пікір • Бүгін, 08:09

Шарын балуан

Руханият • Бүгін, 07:54

Оберхофтағы сәтсіздік

Спорт • Бүгін, 07:36

Генерал киген китель

Оқиға • Бүгін, 07:28

Енді ешкім дауласа алмайды

Таным • Бүгін, 07:13

Соққан жел нысандарды қиратқан

Аймақтар • 16 Қаңтар, 2021

Атырауда қанша қайыршы бар?

Аймақтар • 16 Қаңтар, 2021

Сочиде сайысқа түседі

Спорт • 16 Қаңтар, 2021

Ақтөбе облысында базар жанып кетті

Аймақтар • 16 Қаңтар, 2021

Ұқсас жаңалықтар