Келесі көктемде Шымкенттің қызғалдағы Тәжікстан Республикасының астанасы Душанбе қаласында жайқалып өсетін болады. Тәжікстан жұрты Қазақстандағы үшінші мегаполистің тарихын танып, бүгінгі тыныс-тіршілігінен кең мағлұмат алады. Осындай игі істерге мүмкіндік беретін Шымкенттен Душанбеге керуенмен жолданған «Достық сыйы» қос қаланың қарым-қатынасын нығайта түсумен қатар, мәдени байланысқа тың жол салып отыр.

Үшінші мегаполисте «Шымкент – ТМД елдерінің мәдени астанасы 2020» жылының салтанатты жабылу рәсімі өтті. Бұл мақсатта ұйымдастырылған іс-шара Абай саябағындағы поэзия және әдебиет бұрышы көрмесінен бастау алды. Кітап көрмесіне өңірлік ақын-жазушылардың туындылары қойылды. Мерекелік шара «Piano Performance», яғни орыс драма театры алдында түрлі-түсті бояуларға боялған пианинода орындалған музыкамен жалғасты. Мұндай күйсандық қаланың 5 жеріне қойылған. Ерекшелігі күйсандықта ойнай алатын кез келген қала тұрғыны өзі қалаған әуенді ойнап, келушілердің ықыласына бөленуге мүмкіндік жасалды. Салтанатты шараның негізгі бөлігі Цитадельде өткенімен, қаланың көрнекті орындарында поэзия және әдебиет, театр мен кино, музыка, бейнелеу өнері және қолөнер шеберлерінің концерттері мен көрмелері көрермен назарына ұсынылды. Мәселен, Арбат алаңында жиылған қауым бес кәсіби театрдың шығармашылық ұжымдары ұсынған «Қыз Жібек», «Біржан-Сара», «Айман-Шолпан», «Сайрам базары» қойылымдарынан үзінділер мен цирк әртістерінің өнерін тамашалады. Ал Абай саябағында «Әжелер» хоры халық әндерін нақышына келтіріп орындады. Бәйдібек би алаңында қолөнер шеберлерінің көрмесімен жалғасқан барлық мерекелік іс-шара Ońtústik TV және YouTube-та Bridge TV арналарында көрсетілді. Қала тұрғындары мен қонақтар Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Шымкент 2020 – ТМД елдерінің мәдени астанасы» жылының салтанатты жабылу рәсіміне қатысушыларды құттықтауын тыңдады.
– Биыл шырайлы Шымкент шаһары Тәуелсіз мемлекеттер достастығы елдерінің мәдени астанасы ретінде баршаға танылды. Бұл – қала тұрғындары және бүкіл Қазақстан халқы үшін зор жетістік. Осы игі бастама төл мәдениетіміз бен өнерімізді танытып, қазақтың салт-дәстүрін насихаттауға мол мүмкіндік берді. Сондай-ақ рухани құндылықтары сабақтас халықтар арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға жол ашты. Шымкент жұртшылығы мен өнерпаздары осындай мәртебелі міндетті абыроймен атқарып шықты. Карантин талаптарына сәйкес белгіленген жоспардағы онлайн форматындағы шаралар жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Өздеріңізге шынайы ризашылығымды білдіремін!
«Мәдени астана» мәртебесін Тәжікстанның Душанбе қаласына табыстағалы отырмыз. Елдеріміз арасындағы мәдениет керуені толастамасын! Достығымыз бен сыйластығымыз арта берсін! Баршаңызға амандық, бақ-береке және шығармашылық табыс тілеймін, делінген Президент құттықтауында.
Иә, 2021 жылы ТМД елдерінің мәдени астанасы мәртебесіне Душанбе қаласы ие болып отыр. Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов тәжікстандық делегация өкілдеріне эстафетаны тапсыра отырып, «Достық сыйы» атты топтама тарту етті. Қазақ халқының дарқан да қонақжай болмысын білдіретін «Достық сыйына» Шымкенттің 2200 жылдық тарихы жазылған 2200 кітап, қаланың символына айналған қызғалдақтың 2200 түбі және қала тұрғындарының душанбеліктерге ыстық лебізі мен сәлемі жазылған 2200 ашық хат қосылған.
– «Шымкент – ТМД елдерінің мәдени астанасы» жылы бүкіл әлемді жайлаған пандемиямен тұспа-тұс келді. Соған қарамастан, осы жыл аясында шымкенттіктер өздерінің еңбекқор, мейірімді, достыққа адал әрі жаңашылдыққа бейім екенін көрсете білді. Карантин достығымызға сызат түсіре алған жоқ. Шымкент – 2200 жылдық тарихы бар көне шаһар. Қаламыздың тарихы ежелгі дәуірлерден басталатынын халықаралық беделді ұйым – ЮНЕСКО да ресми мәлімдеді. Тарихи қаламыздың ТМД елдерінің мәдени астанасы атануы біз үшін үлкен мақтаныш. Тұңғыш Президентіміз, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Жарлығымен шуақты Шымкентке республикалық маңызы бар қала мәртебесінің берілуі абыройымызды асырды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев ел қуатын арттырудағы Шымкент қаласының айрықша маңызына көңіл бөлуде. Президенттің ТМД елдерінің мәдени астанасы жылының сәтті аяқталуымен арнайы құттықтауын өздеріңіз де естідіңіздер. Шымкент қаласы тұрғындарының атынан Мемлекет басшысына шын жүректен алғыс білдіреміз. Біздің қаламыз бүгінде бүкіл Азияның өнері мен мәдени мұрасы тоғысқан ірі орталыққа айналып отыр.
Ежелгі кезеңдерден Шымкент тұрғындарының бойында ерекше қасиет қалыптасты. Бұл – іскерлік, қонақжайлылық және өзгеріске деген бейімділік. Шымқала топырағынан түлеп ұшқан әр азаматтың бойында елге деген сүйіспеншілік, дәстүрге деген беріктік, достыққа деген адалдық орныққан. Мәдени астана шеңберінде қаламызда 1700-ден астам жаңашыл, онлайн форматтағы жобалар жүзеге асты. Қаламыздың мәртебесін арттырған осы іс-шараларды өткізуге көмекші болған барлық шымкенттіктерге алғысымды білдіремін! Карантин біздің ғасырларға жалғасқан халықаралық байланысымызды ажырата алған жоқ. Оқшаулану кезінде де достығымыз бен ынтымағымыздың және бекем бірлігіміздің нәтижесінде сындарлы сәттен сүрінбей өттік. Біз бүкіл ТМД елдеріне ортақ рухани құндылықтар – мәдени-әдеби, тарихи мұраларымызды насихаттау мен байланысымызды нығайту үшін топтаса білдік.
Достық эстафетасын Ұлы Жібек жолымен бауырлас ел Тәжікстанның астанасы Душанбеге жолдаймыз. Қазақ халқының ұлттық дәстүрінің ізімен эстафета керуенін 2200 жылдық тарихы бар Шымкенттен тарту-таралғымен шығарып салғалы отырмыз, деді қала әкімі.
Үлкен сенім мен жауапкершілік артылған абыройлы жылды осылай қорытындылаған Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов ТМД елдерінің мәдени астанасы эстафетасын Душанбе қаласының төрағасы Рустами Эмомалиге табыс етті. Сондай-ақ онлайн-жиында ТМД Атқарушы комитетінің төрағасы – Атқарушы хатшы С.Лебедев, Мемлекетаралық гуманитарлық ынтымақтастық қоры басқарма төрағасы, Әзербайжан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және өкілетті елшісі Полад Бюльбюльоглы қала тұрғындары мен қонақтарына арнайы мерекелік құттықтау тілегін жеткізді. Мәдени астана жылының жабылуы аясында 6 театр, 5 кітапхана, цирк, зообақ, әдет-ғұрып және салт дәстүр орталығы, Мәдениет үйі және басқа да мәдениет мекемелерінің шығармашылық ұжымдарының күшімен 48 спектакль, 99 онлайн іс-шара, 7 жылжымалы театрлық, 5 музыкалық перфоманстар, ақындар, жазушылар, әдеби қайраткерлер бейнесіндегі бойлы қуыршақтар шеруі, жас суретшілердің көрмесі мен ғимараттардың қасбеттерінде 7 муралдың тұсаукесері ұйымдастырылды.
Айта кетейік, ұйымдастырылған шаралар карантин талабын сақтай отырып, барлық келушілерге сақтық жөнінде ескертпелер жиі ескертіліп отырды.
ШЫМКЕНТ
Жамбыл мектептерінде 222 оқушы қашықтан оқып жатыр
Білім • Бүгін, 09:35
Коронавирус жұқтырған 300-ге жуық науқастың жағдайы нашар
Коронавирус • Бүгін, 09:32
Пневмониядан 2 адам қайтыс болды
Коронавирус • Бүгін, 09:23
Өткен тәулікте 468 адам коронавирустан айықты
Коронавирус • Бүгін, 09:18
«Самұрық-Қазына» басшысы «Қазатомөнеркәсіптің» 2020 жылғы алдын ала қорытындыларын тыңдады
Экономика • Бүгін, 09:10
Қазақстанда өткен тәулікте 1003 адам коронавирус жұқтырды
Коронавирус • Бүгін, 09:01
«ДАЛА BATTLE»: Көрерменге жаңа жоба жол тартты
Оқиға • Бүгін, 08:27
Аймақтар • Бүгін, 08:16
Шалқар көлін сақтап қалудың басты жолы
Аймақтар • Бүгін, 08:12
Саяси модернизация кезеңі келді
Пікір • Бүгін, 08:10
Пікір • Бүгін, 08:09
Мәжіліс комитеттерінің құрамы бекітілді
Парламент • Бүгін, 08:06
ҚазҰУ: Жер учаскелерін иеліктен шығаруға өтініш берілген емес
Қоғам • Бүгін, 08:04
Меркельдің орнына Лашет келе ме?
Әлем • Бүгін, 08:03
Коронавирус қайта өршіп келеді
Қоғам • Бүгін, 08:02
Руханият • Бүгін, 07:54
Құрылыс саласындағы инновациялар
Қоғам • Бүгін, 07:49
Ұлттық банктің болжамы қандай?
Қаржы • Бүгін, 07:47
Спорт • Бүгін, 07:36
Ұлттың жаңа болмысын қалай қалыптастырамыз?
Қоғам • Бүгін, 07:32
«Қайрат» қарымды, «Ақтөбе» алымды
Футбол • Бүгін, 07:30
Оқиға • Бүгін, 07:28
Білім саласын басқару жүйесі өзгерді
Қоғам • Бүгін, 07:25
Басты мақсат – Қазақстанды қуатты елге айналдыру
Саясат • Бүгін, 07:23
Премьер-Министрдің кандидатурасын ұсынды
Үкімет • Бүгін, 07:20
Мәлім де беймәлім Байсуфиновтер
Спорт • Бүгін, 07:18
Ұлы сарынның сарқыты – Жамбыл жырау
Руханият • Бүгін, 07:15
Таным • Бүгін, 07:13
Қаперге алмаған қатерге ұрынады
Қаржы • Бүгін, 07:10
Команда көбейгеннен тартыс күшейе ме?
Футбол • Бүгін, 07:08
«Барлығына қарсы» пікірі де ескеріледі
Пікір • Бүгін, 07:07
Бокс • Бүгін, 07:02
Қарағандыда үстел теннисінен ел чемпиондары анықталды
Аймақтар • Кеше
Полицейлер аязда жолда қалған Түркия азаматына көмектесті
Аймақтар • Кеше
Алматыдағы карантинге қатысты Бекшиннің жаңа қаулысы шықты
Қазақстан • Кеше
Қостанайда 5-11 сынып оқушылары қашықтан оқуға көшті
Аймақтар • Кеше
Атырауда жедел жәрдем көліктері жаңарды
Аймақтар • Кеше
Димаш Құдайбергеннің алғашқы онлайн-концерті өтті
Қазақстан • Кеше
G7 саммиті маусым айында өтеді
Әлем • Кеше
Мейрамбек Бесбаев коронавируспен жансақтау бөліміне түсті
Қазақстан • Кеше
Қазақстанның ЕАЭО елдерімен өзара саудасы 9,6% төмендеді
Экономика • Кеше
Шетелден 431 азамат ПТР анықтамасыз ұшып келді
Қазақстан • Кеше
Пневмонияның 94 жағдайы және 4 өлім жағдайы тіркелді
Қазақстан • Кеше
Еліміздің 5 өңірі «қызыл» аймаққа енді
Аймақтар • Кеше
Несиелендіру деңгейі артып келеді
Қазақстан • Кеше
Қазақстанда коронавирустан айыққандар саны 153 мыңнан асты
Қазақстан • Кеше
Бір күнде мыңға жуық адамнан коронавирус анықталды
Коронавирус • Кеше
Нұр-Сұлтанда спорт кешенінің бассейнінен қыздың мәйіті табылды
Аймақтар • 16 Қаңтар, 2021
UBS стратегтері крипто-инвесторларға барлық ақшаларын жоғалту қаупі туралы ескертеді
Экономика • 16 Қаңтар, 2021
Бірнеше облыста боран соғып, аяз болады
Қазақстан • 16 Қаңтар, 2021
COVID-19 ауыр ағымын алдын-ала болжаудың әдісін тапты
Коронавирус • 16 Қаңтар, 2021
“QI-Trade Kazakhstan” қаржылық пирамидасының екі директоры ұсталды
Қазақстан • 16 Қаңтар, 2021
Соққан жел нысандарды қиратқан
Аймақтар • 16 Қаңтар, 2021
Батыс Қазақстанда 15 мектепке шағын автобус берілді
Аймақтар • 16 Қаңтар, 2021
Атыраулық оқушының өнері АҚШ әншісін тәнті етті
Аймақтар • 16 Қаңтар, 2021
Аймақтар • 16 Қаңтар, 2021
Бүгін «Қайрат» сырт алаңда «ВитЭнге» қарсы ойнайды
Спорт • 16 Қаңтар, 2021
Шетелден келген 3 қазақстандықтан коронавирус анықталды
Қазақстан • 16 Қаңтар, 2021
Спорт • 16 Қаңтар, 2021
Ақтөбе облысында базар жанып кетті
Аймақтар • 16 Қаңтар, 2021
Үстел теннисінен Қазақстан чемпиоанатының финалистері анықталды
Спорт • 16 Қаңтар, 2021
2021 жылы азаматтарды апта сайын қабылдаймыз – елорда әкімі
Аймақтар • 16 Қаңтар, 2021
Нұр-Сұлтан қаласы «қызыл» аймаққа енді
Аймақтар • 16 Қаңтар, 2021
Министрлік қызанақтардан вирус табылды деген ақпаратқа түсініктеме берді
Қазақстан • 16 Қаңтар, 2021
2021 жылы автобустарды 80 пайызға жаңарту көзделуде
Аймақтар • 16 Қаңтар, 2021
Коронавирустық белгілері бар пневмонияның 71 жағдайы тіркелді
Коронавирус • 16 Қаңтар, 2021
Атырауда БАҚ өкілдеріне 500 мың теңгенің сыйлығы берілді
Аймақтар • 16 Қаңтар, 2021
Ұқсас жаңалықтар