Апат айтып келмейді. Беті аулақ, алдын алмаудың, адами фактордың салдарынан болып жатқан апаттар да аз емес. Яғни сақтану, қауіпсіздік шараларын жүргізу маңызды. Cыйымдылығы 5,2 млрд текше метр болатын Шардара суқоймасы Арнасай су торабын қоса есептегенде жиынтығы секундына 2570 текше метр су тастай алады.

Жарты ғасыр бұрын, яғни 1969 жылы өтімі секундына 4210 текше метр су келіп, апатты жағдай орын алған. Осындай жағдай қайталанса, Шардара, Отырар аудандары мен Арыс қаласының Сырдария өзенінің сол жағалауындағы елді мекендерді, яғни Түркістан облысында тұратын 60 мыңнан астам тұрғын мен Қызылорда облысының 200 мыңнан астам халқы тіршілік етіп жатқан елді мекендерді су басып қалу қаупі туындайды. Сондықтан шұғыл түрде Шардара су қоймасының оң жақ жағалауынан өтімділігі секундына 1500 текше метр болатын апатты суқашыртқы салу қажет. Бұл кезек күттірмейтін мәселенің зардабы екі облыстың әлеуметтік-экономикалық жағдайының нашарлауына алып келуі әбден мүмкін.
Жуырда «Қазақстанның су қауіпсіздігі: қазіргі кездегі қауіп-қатерлер және оларды шешу перспективалары» тақырыбына арналған Сенаттағы Үкімет сағатында баяндама жасаған Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев осындай деректер келтіріп, өзекті мәселе көтерген болатын. Суқашыртқы салу бойынша қазіргі таңда техникалық-экономикалық негіздеме әзірленіп жатқанын да айтып өтті. Иә, облыс әкімінің дабыл қағуы негізсіз емес. Суқоймалардағы апаттар жөнінде мысалдар көп. Оған адами факторлар да себеп болуда. Қызылағаштағы жан түршігерлік апат ұмытылған жоқ. Көршілес Өзбекстандағы Сардоба суқоймасындағы болған жағдай да жұртты біраз әбігерге салды. Әйтеуір тұрғындар аман. Дегенмен індет онсыз да жағадан алып жатқанда топан су әп-сәтте 7 мыңға жуық азаматымыздың берекесін қашырды.
Еске сала кетейік, биылғы 1 мамырда Өзбекстан Республикасы Сырдария облысындағы Сардоба суқоймасының бөгеті бұзылып, орталық Бетпақдала коллекторынан тасыған су салдарынан Мақтаарал ауданының 5 елді мекенін су басып, төтенше жағдай орын алды. Төтенше жағдай салдарынан 1030 тұрғын үй, 3 мектеп, 5 балабақша,
4 денсаулық сақтау, 10 сауда нысаны, автомобиль жолдары, 1 көпір, 5 695 гектар егістік пен жайылым жерлер су астында қалған-ды. Су басқан аумақтың ситуациялық картасы жасалып, жедел аппаттық көмек көрсету қызметтері жұмылдырылды.
Барлық жұмыстың шұғыл әрі тиімді үйлестірілуі нәтижесінде жалпы 11 млн 798 мың литр су қауіпсіз аумаққа қашыртылды. Негізінен Өзбекстан аумағынан ағып келген 931 үй жануарының өлекселері судан шығарылып, жойылды, 2,8 млн шаршы метр аумақ залалсыздандырылды. Апаттың салдарын жоюға бүкіл республика атсалысты. Түркістан өңіріндегі төтенше жағдай Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың және Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатаң бақылауында болды. Үкімет тарапынан төтенше жағдайдан зардап шеккен 5 елді мекеннің (Жаңатұрмыс, Жеңіс, Фирдоуси, Достық, Өргебас) 5 524 тұрғынына 552 млн теңге (100 мың теңгеден) төленсе, Алишер Усмановтың қоры есебінен су басқан 5 елді мекен және эвакуацияланған 8 елді мекендегі (Мырзакент, Жайлыбаев, Нұрлытаң, Шұғыла, Жантақсай, Нұрлыжол, Арайлы және Ақжол) 5 318 отбасына 1000 АҚШ долларынан 2,2 млрд теңге берілді. Аудандағы Мырзакент кентінде жаңадан бой көтерген шағын ауданында 386 жеке тұрғын үйдің құрылысы толық аяқталып, Жеңіс Жаңатұрмыс, Достық елді мекендерінің тұрғындарына табыс етілді. Оның ішінде 196 тұрғын үй құрылысына Үкіметтік резерв есебінен қаржы бөлінсе, қалған 190 тұрғын үйдің құрылысы қайырылымдық және өзге де қорлар арқылы жүргізілді. Сонымен қатар Фирдоуси мен Өргебас елді мекендерінде жалпы 504 тұрғын үйдің 494-інің құрылысы аяқталып, 10 үй жақын арада пайдалануға беріледі. Бұдан бөлек, Мырзакент кентіндегі жаңа мөлтек ауданда 1200 орындық мектеп пен 280 орындық балабақша, дәрігерлік амбулатория және полициялық тірек пунктінің құрылыстары жүргізілуде. Ал Фирдоуси ауылында 600 орындық мектеп ағымдағы жөндеуден өтсе, дәрігерлік амбулатория мен полициялық тірек пункті, Өргебас ауылында фельдшерлік-акушерлік және полициялық тірек пункттері салынуда. Мектеп пен балабақша келесі жылға өтпелі болса, қалған нысандардың құрылыс жұмыстары желтоқсан айында толық аяқталады деп жоспарлануда. Жалпы, Мақтаарал ауданындағы көшелер қайта жөндеуден өтіп, елді мекендерде абаттандыру, аяқжолдар мен жарықтандыру жұмыстары жүргізілді. Аудандағы қазіргі жағдай тұрақты, ауқымды жұмыстардың нәтижесінде елді мекендер көркейе түсіп қалыпты тіршілікке көшкен. Яғни бір ғана Сардоба суқоймасының қауіпсіздігі 31,7 млрд теңгеден астам шығын алып келді. Бір қуанарлығы, адам шығыны орын алған жоқ. Демек, су қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қауіп қатерлерінің алдын алу және ағын суларды тиімді пайдалану өңірде өзекті мәселе.
Еліміздегі суармалы жерлердің үштен бір бөлігі тиесілі Түркістан облысында 72 мың агроқұрылым тіркеліп, 180 мың адам жұмыспен қамтылған. Осы орайда агроөнеркәсіп кешенінде еңбек өнімділігін арттыру, суармалы жерлердің көлемін ұлғайту мақсатында шешімін күткен мәселелер де баршылық. Ол қандай мәселелер? «Түркістан магистральдық арнасын күрделі жөндеу жұмыстарын жалғастыруға 2021 жылға 7 млрд теңге қаржы қажет. «Кеңсай – Қосқорған-2» суқоймасының құрылыс жұмыстарына биылға 1,2 млрд теңге бөлу мақұлданды. Бұл келер жылдың қаңтар-ақпан айларының өзінде суқоймаға 10 млн текше метр ағын су жинауға мүмкіндік береді. Әрі қарай суқойма жұмысын аяқтау үшін 2021 жылға 1,8 млрд теңге қажет. Сондай-ақ «Арыс – Түркістан магистральдық арнасын толықтыру үшін Сырдария өзенінен машиналық арна салу» жобасының құрылысын бастауға 2021 жылға 7 млрд теңге қажет», деді Өмірзақ Естайұлы. Бұдан бөлек облыстық бюджет есебінен құны 2,3 млдр теңге болатын «Шошқакөл көлдер жүйесін жаңғырту», «Қосымша 34,7 млн текше метр ағын су беретін 134 дана тік ұңғыманы қайта қалпына келтіру» (құны 2,7 млрд теңге) жобалары қарқынды жүзеге асырылуда.
Сондай-ақ облыс әкімі өз баяндамасында өңірдің дамуына мультипликативтік нәтиже беретін ірі жобаларға тоқталды. Шардара ауданындағы «Жаушықұм алқабын игеру» жобаларының құрылысын бастауға, Арыс қаласындағы «Қожатоғай массивін игеру» мен «Қызылқұм магистральды каналының 3-ші, 4-ші кезеңінің құрылысы» жобаларына құжаттама әзірлеуге қаржы қарастыруды ұсынды. Аталған жобаларды жүзеге асыру нәтижесінде 97,7 мың гектар жаңадан суармалы жерлер айналымға қосылып, қосымша жыл сайын 175 млрд теңге ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру мүмкін болады.
Кентау қаласындағы Мырғалымсай кен орнының жұмысы тоқтауы салдарынан, шахталар суға толып, су тасқыны кезінде жерасты сулары деңгейі көтерілген. Салдарынан Кентау қаласындағы ғимараттар мен тұрғын үйлердің шөгуі, іргетастардың зақымдануы орын алуда. Бұл орайда облыс әкімінің дерегінше, болжамдық есеппен шахтадан су деңгейін 440 метрден 394 метрге дейін төмендету, шамамен 40 млн текше метр жерасты суын шығару қажет. Бұл шахталы жерасты суын Түркістан қаласын суландыру мен өсімдік шаруашылығына пайдалануға мүмкіндік бар. Осыған орай облыс әкімі Төтенше жағдайлар министрлігімен бірлесіп, апаттың алдын алу жолдарын қарастыруды, парламенттік тыңдаудың қорытындылары бойынша әзірленетін ұсынымға енгізуді сұрады.
Түркістан облысы
Әлемге танымал үш ірі компания Беларусьтегі әлем чемпионатынан бас тартты
Әлем • Бүгін, 11:03
Ауа райы • Бүгін, 10:56
Көлсай мен Қайыңдыда коньки тебуге бола ма?
Экология • Бүгін, 10:48
Су тасқыны кезеңіне дайындық жоспарлы түрде жүріп жатыр - Қазсушар
Экология • Бүгін, 10:47
ШҚО-да зейнеткердің сандығына ұры түсті
Аймақтар • Бүгін, 10:35
ХҒС Қазақстанның ғарыштан түсірілген фотосын жариялады
Қазақстан • Бүгін, 10:33
Сирияда лаңкестердің шабуылынан екі сарбаз қаза тапты
Әлем • Бүгін, 10:28
Әлемде 95 миллионнан астам адам коронавирус жұқтырды
Әлем • Бүгін, 10:18
Елімізде 1000-нан астам жүргізуші жауапқа тартылды
Аймақтар • Бүгін, 10:12
ЕАЭО елдері өсімдіктер карантині саласындағы заңнаманы жаңартуды жоспарлап отыр
Экономика • Бүгін, 10:09
Ресейліктер жаппай вакцина салғызып жатыр
Коронавирус • Бүгін, 09:52
Нұр-Сұлтанда жаңа емхана ашылады
Елорда • Бүгін, 09:49
Жамбыл мектептерінде 222 оқушы қашықтан оқып жатыр
Білім • Бүгін, 09:35
Коронавирус жұқтырған 300-ге жуық науқастың жағдайы нашар
Коронавирус • Бүгін, 09:32
Пневмониядан 2 адам қайтыс болды
Коронавирус • Бүгін, 09:23
Өткен тәулікте 468 адам коронавирустан айықты
Коронавирус • Бүгін, 09:18
«Самұрық-Қазына» басшысы «Қазатомөнеркәсіптің» 2020 жылғы алдын ала қорытындыларын тыңдады
Экономика • Бүгін, 09:10
Қазақстанда өткен тәулікте 1003 адам коронавирус жұқтырды
Коронавирус • Бүгін, 09:01
«ДАЛА BATTLE»: Көрерменге жаңа жоба жол тартты
Оқиға • Бүгін, 08:27
Аймақтар • Бүгін, 08:16
Шалқар көлін сақтап қалудың басты жолы
Аймақтар • Бүгін, 08:12
Саяси модернизация кезеңі келді
Пікір • Бүгін, 08:10
Пікір • Бүгін, 08:09
Мәжіліс комитеттерінің құрамы бекітілді
Парламент • Бүгін, 08:06
ҚазҰУ: Жер учаскелерін иеліктен шығаруға өтініш берілген емес
Қоғам • Бүгін, 08:04
Меркельдің орнына Лашет келе ме?
Әлем • Бүгін, 08:03
Коронавирус қайта өршіп келеді
Қоғам • Бүгін, 08:02
Руханият • Бүгін, 07:54
Құрылыс саласындағы инновациялар
Қоғам • Бүгін, 07:49
Ұлттық банктің болжамы қандай?
Қаржы • Бүгін, 07:47
Спорт • Бүгін, 07:36
Ұлттың жаңа болмысын қалай қалыптастырамыз?
Қоғам • Бүгін, 07:32
«Қайрат» қарымды, «Ақтөбе» алымды
Футбол • Бүгін, 07:30
Оқиға • Бүгін, 07:28
Білім саласын басқару жүйесі өзгерді
Қоғам • Бүгін, 07:25
Басты мақсат – Қазақстанды қуатты елге айналдыру
Саясат • Бүгін, 07:23
Премьер-Министрдің кандидатурасын ұсынды
Үкімет • Бүгін, 07:20
Мәлім де беймәлім Байсуфиновтер
Спорт • Бүгін, 07:18
Ұлы сарынның сарқыты – Жамбыл жырау
Руханият • Бүгін, 07:15
Таным • Бүгін, 07:13
Қаперге алмаған қатерге ұрынады
Қаржы • Бүгін, 07:10
Команда көбейгеннен тартыс күшейе ме?
Футбол • Бүгін, 07:08
«Барлығына қарсы» пікірі де ескеріледі
Пікір • Бүгін, 07:07
Бокс • Бүгін, 07:02
Қарағандыда үстел теннисінен ел чемпиондары анықталды
Аймақтар • Кеше
Полицейлер аязда жолда қалған Түркия азаматына көмектесті
Аймақтар • Кеше
Алматыдағы карантинге қатысты Бекшиннің жаңа қаулысы шықты
Қазақстан • Кеше
Қостанайда 5-11 сынып оқушылары қашықтан оқуға көшті
Аймақтар • Кеше
Атырауда жедел жәрдем көліктері жаңарды
Аймақтар • Кеше
Димаш Құдайбергеннің алғашқы онлайн-концерті өтті
Қазақстан • Кеше
G7 саммиті маусым айында өтеді
Әлем • Кеше
Мейрамбек Бесбаев коронавируспен жансақтау бөліміне түсті
Қазақстан • Кеше
Қазақстанның ЕАЭО елдерімен өзара саудасы 9,6% төмендеді
Экономика • Кеше
Шетелден 431 азамат ПТР анықтамасыз ұшып келді
Қазақстан • Кеше
Пневмонияның 94 жағдайы және 4 өлім жағдайы тіркелді
Қазақстан • Кеше
Еліміздің 5 өңірі «қызыл» аймаққа енді
Аймақтар • Кеше
Несиелендіру деңгейі артып келеді
Қазақстан • Кеше
Қазақстанда коронавирустан айыққандар саны 153 мыңнан асты
Қазақстан • Кеше
Бір күнде мыңға жуық адамнан коронавирус анықталды
Коронавирус • Кеше
Нұр-Сұлтанда спорт кешенінің бассейнінен қыздың мәйіті табылды
Аймақтар • 16 Қаңтар, 2021
UBS стратегтері крипто-инвесторларға барлық ақшаларын жоғалту қаупі туралы ескертеді
Экономика • 16 Қаңтар, 2021
Бірнеше облыста боран соғып, аяз болады
Қазақстан • 16 Қаңтар, 2021
COVID-19 ауыр ағымын алдын-ала болжаудың әдісін тапты
Коронавирус • 16 Қаңтар, 2021
“QI-Trade Kazakhstan” қаржылық пирамидасының екі директоры ұсталды
Қазақстан • 16 Қаңтар, 2021
Соққан жел нысандарды қиратқан
Аймақтар • 16 Қаңтар, 2021
Батыс Қазақстанда 15 мектепке шағын автобус берілді
Аймақтар • 16 Қаңтар, 2021
Ұқсас жаңалықтар