Аймақтар • 31 Қазан, 2020

Алматы әкімі балаларға арналған жобалармен танысты

17 рет көрсетілді

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Наурызбай ауданына жұмыс сапары кезінде балалар үшін салынған бірқатар мәдени және спорт  нысандарында болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Өзінің Instagram-дағы парақшасында  Б. Сағынтаев балалардың бос уақыттарын салауатты және пайдалы өткізулерін ұйымдастыру әкімдік жұмысындағы негізгі басымдықтардың бірі екенін атап өтті.

«Наурызбай ауданын аралаған кезде меценаттардың қолдауымен ашылған «Social Music Center» мен «Jas Tolqyn» өнерді дамыту орталықтарында болдым. Мұнда балалар музыкалық аспаптарда ойнауға, вокал мен қолөнерге тегін үйретіледі. Спортпен шұғылдануға «Alty Alash Fight club» секциясы ашылған», - деп жазды Алматы әкімі.
Ол сонымен қатар «Бюджетке қатысу» жобасы бойынша ауданда белсенді жастарға арналған ашық аспан астындағы кешен салынғанын, оның ішінде баскетбол алаңы, роллерродром мен воркаут аймағы бар екенін айтты. Кішкентай балдырғандар «Жұмыспен қамтудың жол картасы» аясында салынған жаңа скверлердегі ойын алаңдарында көңілдерін көтеруде.
«Біз Жаңа Алматы аудандарында тұратын кішкентай тұрғындарымыз үшін спорт пен мәдени-демалыс орталықтарының қолжетімді болуына мән берудеміз», - деп атап өтті қала әкімі.
Оның айтуынша, келесі жылы Наурызбай мен Алатау аудандарында Оқушылар сарайының құрылысын бастау жоспарлануда. Биыл Жетісу ауданында үш, ал Алатау, Медеу мен Түрксіб аудандарында бір-бір дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы басталады. Алатау ауданында 14 кортқа арналған теннис орталығы салынуда. Жалпы барлық аудандарда ондаған жаңа спорттық демалыс орындары ашылды. Келесі жылы қала тұрғындарының сұранысы бойынша бұл жұмыстар жалғасын табады.

Соңғы жаңалықтар

Пневмониядан 2 адам қайтыс болды

Коронавирус • Бүгін, 09:17

«Сочиді» тізе бүктірді

Хоккей • Бүгін, 08:07

ТОП-10 боксшының қатарында

Кәсіпқой бокс • Бүгін, 08:05

Қызыққа толы Премьер-лига

Футбол • Бүгін, 07:59

Сахна сардары

Өнер • Бүгін, 07:55

Тарихты таразылаған туынды

Руханият • Бүгін, 07:43

Кемел қазақтың келбеті

Таным • Бүгін, 07:40

Наурыздың ақша қарындай

Руханият • Бүгін, 07:30

Сарсаңға салған сараптама

Ғылым • Бүгін, 07:23

Өз балаң өзекке теппесін

Өнер • Бүгін, 07:23

Жас теннисшілер бас қосты

Теннис • Бүгін, 07:06

Ол кезде Надя отызда еді

Ең қысқа әңгіме • Бүгін, 07:02

Ұқсас жаңалықтар