Аймақтар • 31 Қазан, 2020

Азық-түлік тауарларымен қамтамасыз ету мәселесі талқыланды

25 рет көрсетілді

Бүгін аймақ басшысы Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен тұрғындарды азық-түлік тауарларымен қамтамасыз ету жөнінде жиын өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Онда облыстық ауылшаруашылық басқармасының басшысы Шахмардан Қойшыбаев пен «Байқоңыр ӘКК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Мұхтар Жансейітов атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлар туралы баяндады.

Облыс бойынша 29 түрлі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларымен тұрғындарды қамтамасыз етукөрсеткішіне және осы өнімдермен алдағы уақытта толық қамтамасыз ету бағытыңда қабылданғаншараларға талдау жасалды.

Қамтамасыз етілу көрсеткіші 80%-дан төмен және импортқа тәуелді өнімдермен ішкі нарықты толығымен нығайту мақсатында 2023 жылға дейін егіс алқаптары мен өндіріс көлемдерін ұлғайту бағытында шаралар қабылданады деп жоспарлануда.

Бүгінгі күнге, әлеуметтік маңызы бар азықтүлік тауарларымен қамтамасыз ету мақсатында құны 14 млрд.теңге құрайтын 45 инвестициялық жобаны жүзеге асыру басталған, оның 9 жобасы іске қосылған. Ал, алдағы жылы облыс орталығында қуаттылығы жылына 5 мың тонналық ет комбинаты, Қармақшы ауданында жылына 1500 тонна құс етін өндіретін құс фабрикасы, Шиелі ауданында қуаттылығы 24 тонналық сүт фермасы және ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеуге бағытталған басқа да жобалар жүзеге асатын болады.

Сонымен қатар өңірімізде жылдан жылға су мәселесі өзекті болуына байланысты егіс алқаптарын әртараптандыру бағытында жүйелі шаралар жүргізілуде. Соңғы 5 жылда егіс көлемі 16 мың, мал азығы дақылдары 4 мың, күріштен басқа дәнді дақылдар көлемі 7,5 мың гектарға көбейіп отыр.

Әртараптандыру бағытын одан әрі дамыту мақсатында көкөніс, бақша егіс алқаптарының көлемін ұлғайту бойынша жұмыстар жүргізіледі деп жоспарлануда.

 

Қызылорда облысы

 

Соңғы жаңалықтар

Әскерилер қан тапсырды

Аймақтар • Бүгін, 12:33

Ұқсас жаңалықтар