Аймақтар • 31 Қазан, 2020

Қостанайда жаңа инфекциялық аурухана пайдалануға берілді

48 рет көрсетілді

Қостанайда COVID-19 жұқтырған науқастарды емдеуге арналған жаңа инфекциялық аурухана пайдалануға берілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қаланың шетіндегі ашық алаңда бір жаздың ішінде бой көтерген жаңа заманауи стационар бүгіннен бастап науқастарды қабылдай бастады.

Коронавирусқа қарсы күрес шаралары барысында салынған жаңа аурухананың ерекшелігі сол – сырттай қарағанда шағын ғана емдеу мекемесі сияқты.

Қос

Алайда стационардың жоғарғы технологиялық заманауи құрылғылармен қамтылған арнайы зертханасы, диагностика орталығы, ота жасайтын бөлімі бар. Инфекциялық орталықтың басты ерекшелігі – мұнда дәрігерлер науқасқа арнайы қондырылған планшет арқылы қашықтан бақылау жүргізе алады.

Лрь

​"Бұл инфекциялық стационар облыстық ауруханаға қарайды.  Мұнда науқастарды оттегімен қамтамасыз етудің орталықтандырылған жүйесі бар. Яғни, 8 тонна сұйық оттегі арнайы цистернаға құйылып, қажет болған жағдайда әр төсекке орнатылған құрылғы арқылы науқасқа қосыладыСтационардағы қалдықтарды жоюдың тиімді жолын қарастыру да ескерілген. Қалдықтарды ұнтақтап, зарарсыздандырып, қоршаған ортаға зиян келтірмеуін қамтамасыз ететін арнайы жүйе жұмыс істеп тұр.

Жкжкж

Созылмалы гемодиализі бар және коронавируспен ауырған науқастардың қанын тазарту қажет болған жағдайда, гемодиализден өткізу үшін су тазартатын, су дайындайтын бірегей жүйе бар. Ол жансақтау төсектеріне қосулы тұрғандықтан, науқасты мазалап басқа жаққа ауыстырудың керегі жоқ. Қабылдау бөлімінің ерекшелігі туралы да айта кеткен жөн. Мұнда КТ құрылғысы мен рентген аппараты тұр.

Щрш

Бұл құрылғылардың көмегімен ауруханаға түскен науқас бірден негізгі диагностикалық зерттеулерден өтеді. Барлығы заманауи жеңіл пластик материалдардан жасалған. Сондықтан тез жуылып, тез зарарсызданады. Әр палатада 2-3 төсек қойылған. Өте қолайлы, жарық  әрі жылы. Науқастар дәретхана, арнайы тазартудан өткен ауыз сумен қамтамасыз етілген.  Бұл індет жұқтырған науқасқа да, оны емдейтін дәрігерге де психологиялық тұрғыдан қолайлы жағдай туғызады.

Ввщщ

Қазір науқастардың көбі амбулаториялық жағдайда емделіп жатыр. Сондықтан қазірше жаңа инфекциялық стационардың медициналық қызметкерлер жеткілікті. Алайда алдағы уақытта 200 науқасқа дейін қабылдайтын болсақ, бізге қосымша медициналық қызметкерлер мен парамедиктерді жұмысқа алуға тура келеді.            

Инфекциялық орталық 200 науқасқа шақталған. 20 орындық жан сақтау бөлімі, эндоскопиялық және ультрадыбыспен емдеу бөлімі тағы бар.    

Жаңа аурухананы таза және лас аймаққа бөліп тұратын 8 модуль қарастырылған. Орталық ғимараттарының қос қапталында бір-біріне қарама-қарсы орналасқан екі есік бар. Коронавирус жұқтырып, ауруханаға жеткізілген науқастар бірінші есіктен кіреді. Ал дертінен айыққан адамдар ғимараттың екінші жағындағы басқа есіктен шығады.  

Бір қабатты аурухана ғимаратының жалпы ауданы 6800 шаршы метр болады. Айдан Нарымбаевтың айтуынша, мұнда ауаны тазартып отыратын кері желдеткіш орнатылған.  Яғни, палатадағы лас ауа дәлізге шықпайды. Ауруханадағы барлық ауа арнайы залалсыздандыру құрылғысы арқылы сүзгіден өтіп, тазартылған күйде далаға бөлініп шығады.    

 

Қостанай облысы

Соңғы жаңалықтар

«Сочиді» тізе бүктірді

Хоккей • Бүгін, 08:07

ТОП-10 боксшының қатарында

Кәсіпқой бокс • Бүгін, 08:05

Қызыққа толы Премьер-лига

Футбол • Бүгін, 07:59

Сахна сардары

Өнер • Бүгін, 07:55

Тарихты таразылаған туынды

Руханият • Бүгін, 07:43

Кемел қазақтың келбеті

Таным • Бүгін, 07:40

Наурыздың ақша қарындай

Руханият • Бүгін, 07:30

Сарсаңға салған сараптама

Ғылым • Бүгін, 07:23

Өз балаң өзекке теппесін

Өнер • Бүгін, 07:23

Жас теннисшілер бас қосты

Теннис • Бүгін, 07:06

Ол кезде Надя отызда еді

Ең қысқа әңгіме • Бүгін, 07:02

Ұқсас жаңалықтар