Аймақтар • 30 Қазан, 2020

Елордада коттеджде болған өрт сөндірілді

93 рет көрсетілді

30 қазанда сағат 11.40-та елордалық өрт сөндіру қызметінің 101 пультіне Нұр-Сұлтан қаласы Шұбар шағын ауданында Темірқазық көшесі бойындағы екі қабатты коттедждің шатыры және оған жапсарлас уақытша салынған құрылыс жанып жатқаны туралы хабарлама түсті. Бұл туралы ҚР ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли хабарлады.

Өрт орнына сағат 11.47-де Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД күштері мен құралдары келіп жетті. Өрттің алдын ала көлемі 150 шаршы метрді құрады. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себептері анықталуда.

Өрт сағат 12:10-да оқшауланды, сағат 13.24-те сөндірілді. Өртті сөндіруге Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД, Апаттар медицинасы орталығынан, жедел-жәрдем бригадасынан, полиция департаментінен 34 қызметкер мен 9 бірлік техника жұмылдырылды.

Соңғы жаңалықтар

Пневмониядан 2 адам қайтыс болды

Коронавирус • Бүгін, 09:17

«Сочиді» тізе бүктірді

Хоккей • Бүгін, 08:07

ТОП-10 боксшының қатарында

Кәсіпқой бокс • Бүгін, 08:05

Қызыққа толы Премьер-лига

Футбол • Бүгін, 07:59

Сахна сардары

Өнер • Бүгін, 07:55

Тарихты таразылаған туынды

Руханият • Бүгін, 07:43

Кемел қазақтың келбеті

Таным • Бүгін, 07:40

Наурыздың ақша қарындай

Руханият • Бүгін, 07:30

Сарсаңға салған сараптама

Ғылым • Бүгін, 07:23

Өз балаң өзекке теппесін

Өнер • Бүгін, 07:23

Жас теннисшілер бас қосты

Теннис • Бүгін, 07:06

Ол кезде Надя отызда еді

Ең қысқа әңгіме • Бүгін, 07:02

Ұқсас жаңалықтар