Аймақтар • 30 Қазан, 2020

Мұнайлыда гидропоника саласы дамып келеді

27 рет көрсетілді

Ауыл шаруашылығын дамыту мақсатында Мұнайлы ауданындағы шаруа қожалығы гидропонды жасыл жем өндіру жобасын қолға алды. Бұл туралы Мұнайлы аудандық кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімінің басшысы Дастан Мұраталиев мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Кәсіпкер өңірлік "Нұр капитал" бағдарламасының аясында 1% өсіммен "Ресей Жинақ банк" АҚ арқылы 20 млн теңге несие алған.

"Қаражатқа қажетті гидропонды жасыл жем өндіретін құрал-жабдықтар сатып алдым. 2019 жылы, желтоқсан айынан бастап жұмысты бастадық. Қазіргі таңда бидайдан, арпадан, сұлыдан, жүгеріден шөптер өндірілуде. Ашылған күннен бастап осы уақытқа дейін 7-8 тонна өнім өндірдік. Дайын болғандарын Басқұдық ауылы, "Ер Шабай" базарына ұсынып отырмыз. 3 адам жұмыспен қамтылған" , - деді қожалық иесі Қобыланды Айсазинов.

Отандық гидропоникалық жаңа технология бидай, арпа, сұлы, жүгері, 70% витаминдерден және макро-микро элементтерден тұрады. Жасыл жем-шөптердің пайдасы төрт түліктің тез семіруіне ықпал етеді. Бұл жоба ауыл шаруашылығы саласын дамытуды көздейді.

Соңғы жаңалықтар

Ұқсас жаңалықтар