Саясат • 28 Қазан, 2020

Қандастар мәселесі талқыланды

31 рет көрсетілді

«Отандастар қоры» КеАҚ жанындағы Қоғамдық комиссияның отырысы өтті. Іс-шараға Парламент Сенатының депутаты, комиссия төрағасы Мұрат Бақтиярұлы, Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Марат Әзілханов, Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы Төрағасының бірінші орынбасары Зауытбек Тұрысбеков, сондай-ақ депутаттар, министрлік пен қоғам өкілдері қатысты.

Жиынға төрағалық еткен Мұрат Бақ­тия­р­ұлы алдымен комиссияның жаңа мүшелерін таныстырды.

Одан кейін Ақмола облысы «Нұрлы көш» (Красный Яр) ауы­лындағы қандастарға салын­ған үйлердің заңдастыру мәселесіне тоқтал­ды. Осы орайда  Ақмола облысы әкімінің орын­басары Асқар Мұратұлы бұған дейін атқа­рыл­ған жұмыстарды баяндады. Сонымен бірге қандас­тарға пәтер алу үшін қойылған талаптарды түсіндірді.

Қазақстан бойынша облыстарда, оның ішінде елді мекендерде ауыл­шаруашылық мақсатында қолдануға жарамды, бос жер телімдері және олар­ды ерікті қоныс аударушы қан­­дастарға беру мә­се­лесі де комиссия отырысында сөз болды.

Қолданыстағы мемлекеттік бағ­дарламалар аясында солтүстік өңір­лердегі қандастарға қатысты ұзақ­мерзімді тұрақты көші-қон сая­сатын жандандыру мүмкіндіктері де комис­сия назарынан тыс қалған жоқ. Соны­мен бірге Солтүстік Қазақ­­стан облысы Жұ­мыспен қам­туды үйлестiру және әлеуметтiк бағдар­ламалар басқармасының басшысы Алмаз Қошманов аймаққа шетелдерден қоныс аударушы қан­дастарды үй-жайлармен қам­тамасыз ету және бейімделуіне жәрдемдесу бағытында атқарып жатқан іс-шаралар жайын баяндап берді.

Қоғамдық комиссияның қоры­тындысы бойынша шетелдегі отандастарды және Қазақстанға ерікті түрде қоныс аударған қан­дастарды қолдау шаралары жөнінде ұсы­ныстар беріліп, сондай-ақ қандастар мәсе­лелеріне қатысты басқа да сұрақ­тар талқы­ланады.

Соңғы жаңалықтар

Пневмониядан 2 адам қайтыс болды

Коронавирус • Бүгін, 09:17

«Сочиді» тізе бүктірді

Хоккей • Бүгін, 08:07

ТОП-10 боксшының қатарында

Кәсіпқой бокс • Бүгін, 08:05

Қызыққа толы Премьер-лига

Футбол • Бүгін, 07:59

Сахна сардары

Өнер • Бүгін, 07:55

Тарихты таразылаған туынды

Руханият • Бүгін, 07:43

Кемел қазақтың келбеті

Таным • Бүгін, 07:40

Наурыздың ақша қарындай

Руханият • Бүгін, 07:30

Сарсаңға салған сараптама

Ғылым • Бүгін, 07:23

Өз балаң өзекке теппесін

Өнер • Бүгін, 07:23

Жас теннисшілер бас қосты

Теннис • Бүгін, 07:06

Ол кезде Надя отызда еді

Ең қысқа әңгіме • Бүгін, 07:02

Ұқсас жаңалықтар