Аймақтар • 27 Қазан, 2020

Түркістан облысында жолдарды күтіп ұстауға 69 млн теңге қаралған

59 рет көрсетілді

Облыстық маңызы бар автомобиль жолдары қысқы мерзімде күтіп ұстау жұмыстарына дайын. Түркістан облысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бөлім басшысы Шерзат Сүттібаев осылай деді БАҚ өкілдерінің қатысуымен өткен брифингте.

Жалпы 4152,34 шақырым жолдың 1943,3 шақырымы бірінші кезектегі қардан тазаланып, инертті материалдар себілетін жолдар болса, оның ішінде 434 шақырымы таулы өңірлердегі қар қатты басып қалуы қаупі жоғары аймақтар.

Сонымен қатар, облыстық маңыздағы жолды қыс мезгілінде күтіп ұстауға облыстық бюджеттен 69 млн теңге қаралған, 354 жұмысшы мен 124 техниканы жұмылдыру жоспарланған. Қыс мезгілінде халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге шұғыл әрекеттерді жасауға жол мекемелерімен жедел хабарландыру сызбасы бекітілген. «Жолдардың жай-күйін күнделікті бақылау және төтенше жағдайлар департаментімен дер кезінде ақпарат алмасу үшін тәуліктік кезекшілік ұйымдастырылды. Сонымен қатар, ауа райының қолайсыз мезгілінде жолда қалып қойған жолаушыларға жағдай жасау мақсатында облыстық маңызы бар автомобиль жолдарының бойында 4 жылыту бекеті орналасқан. Атап айтқанда, Бәйдібек ауданында, «Қошқарата-Жарықбас-Бірлік» автомобиль жолының 28-ші шақырымында «Шыбықбел» және «Ұланбел-Созақ-Шаян-Екпінді» автомобиль жолының 605-ші шақырымында «Одаманбұлақ» жылыту бекеттері бар. Сондай-ақ, Созақ ауданында «Жамбыл облысының шекарасы-Құмкент-Шолаққорған-Кентау» автомобиль жолының 63-ші шақырымында «Ащысай» және «Ұланбел-Созақ-Шаян-Екпінді» автомобиль жолының 593-ші шақырымында «Таскөмірсай» жылыту бекеттері ораналасқан. Барлық жылыту бекеттерін жылы күйде ұстау мақсатында кезекші қойылып, 60 тонна көмір отынымен қамтамасыз етілді», деді Шерзат Анарқұлұлы.

Ал Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Ерік Сарыбаев жылыту маусымында қажетті қатты отын көлемі 1 003,2 мың тонна болса, бүгінде 294,1 мың тоннасы тасымалданғанын мәлім етті. «2020-2021 жылдардағы жылу беру маусымына дайындық барысы жоспарға сай жүргізілуде. Облыс бойынша 586 көпқабатты тұрғын үй орталықтандырылған жылумен қамтамасыз етіледі. Оның 442-сі қысқы маусымға дайындалған. Ал 2623 бюджеттік мекемелерді алдағы жылу маусымына дайындау жоспарланған, бүгінгі күнге 2253 мекемеге дайындық жұмыстары жүргізілді», деді Ерік Темірханұлы.

 

 

Түркістан облысы

Соңғы жаңалықтар

Адасқан балықшы аман табылды

Аймақтар • Бүгін, 17:06

Ұқсас жаңалықтар