Әдебиет • 27 Қазан, 2020

"Алтын қалам" Моңғолиядан келген Макинара Хайримге бұйырды

30 рет көрсетілді

Қазанның 27-де Алматыда "Алтын қалам 2020" әдеби жүлдесінің қорытындысы жарияланып, жеңімпаздардың есімі белгілі болды. Биыл бұл шара Бауыржан Оспанов жетекшілік ететін "ZHERSU" инвестициялық-өндірістік корпорациясының  қолдауымен ұйымдастырылды.

"Алтын қалам 2020" байқауына Қазақстан, Ресей, Украина, АҚШ, Израиль, Белорусь елдерінен, сонымен қатар биыл тұңғыш рет Моңғолия және Орталық Африка республикасынан барлығы 408 автор қатысты. Орталық Африка республикасына қоныс аударған қаламгер елімізден жырақта жүрсе де танымал әдеби жүлдеде көппен бірге бақ сынауға бел буған.

Наурыздың 15-нен қыркүйектің 15-не дейін қабылданған 600-ге жуық шығарма  байқаудың www.akalam.kz ресми сайтында жарияланып, оқырмандардың және қазылардың сараптауынан өтті. 

"Алтын қалам" әдеби жүлдесінің жеңімпаздарын марапаттау шарасы биыл алғаш рет жабық есік форматында ұйымдастырылып, салтанатты жиынға тек жеңімпаздар мен жоба серіктестері және БАҚ өкілдері  шақырылды.  19 қазанда жарияланған байқаудың қысқа тізіміне әр жанр бойынша жеті шығармадан енгізілген еді. Қазылар шешімімен солардың ішіндегі ең үздік бір шығарма ғана марапатталды.

Есенқұл Маманов атындағы бас жүлде – 1  000 000 млн теңгені алматылық Заман Төлеуов жеңіп алды.  Жазушының "Қарақуыс" романы "Үздік қазақ романы" аталымы бойынша үздік деп танылды.  Тағы бір басты сыйлық – 1 000 000 теңгені  балалар шығармашылығына арналған "Дарабоз" байқауында өзгеден оза шапқан павлодарлық қаламгер Алпысбай Хонж иеленді.

 

Соңғы жаңалықтар

Кемел қазақтың келбеті

Таным • Бүгін, 07:40

Сарсаңға салған сараптама

Ғылым • Бүгін, 07:23

Ұқсас жаңалықтар