Спорт • 26 Қазан, 2020

Алматыда кәсіпқой бокс кеші өтеді

369 рет көрсетілді

20 қарашада Алматыда отандық "Nev Names" және "Дарын" промоутерлік компанияларының ұйымдастыруымен кәсіпқой бокстан халықаралық турнир өтті.

Кештің басты жекпе-жегінде қазақстандық Асхат Жантұрсынов пен әзірбайжандық Таруел Жафаров күш сынасады. Бұл спортшылардың екеуі де осы күнге дейін жеңілістің кермек дәмін тартқан емес. Танымал бапкер Сағатбек Мұсахановтың шәкірті бес кездесудің төртеуінде айқын басымдық танытса, Қап тауы өкілі алты бәсекенің барлығында жеңіске жетті. Осы жекпе-жекте WBC нұсқасының аймақтық деңгейдегі алтын белбеуі сарапқа салынады.

Сондай-ақ, Алматыдағы жарыста бірқатар шет мемлекеттерден келген танымал былғары қолғап шеберлері және Ескендір Харсан, Бекболат Құрамысов, Бауыржан Бейілдинов және тағы басқа сайыпқырандар өнер көрсетеді деп күтілуде.

–  "Дарын" промоутерлік компаниясының тұсауы кесілгеніне екі айға жуық қана уақыт болды. Осыған дейін біз Сағатбек Мұсаханов жетекшілік ететін "Nev Names" компаниясымен бірге Алматы бір жарыс өткізіп үлгердік. Бұл жарыстың деңгейі көпшіліктің көңілінен шығып, осы саланың басы-қасында жүрген мамандар тарапынан жоғары бағаланды. Осы жолы да тәжірибелі спортшылармен қатар дарынды жастардың басын қосуды жөн көрдік. Бұйыртса, 20 қарашада өтетін турнир де тартысқа толы болмақ. Сөз орайы келгенде, біздің бұл бастамамызға жан-жақты қолдау көрсеткен республикалық кәсіпқой бокс федерациясы, "Абылай хан" спорт клубы, Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданына қарасты Көшек ауылының азаматтарына және жеке кәсіпкерлер – Гүлнар Жауыншынова мен Гамза Гейдаровқа зор алғысымызды білдіреміз, дейді "Дарын" промоутерлік компаниясының президенті Дархан Қабыланбаев.  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Соңғы жаңалықтар

Елбасы арманы – елорда

Президент • Кеше

Пневмония 68 адамда тіркелді

Коронавирус • Кеше

Елбасы, Луиза және балмұздақ

Ең қысқа әңгіме • Кеше

Арқадағы алтын бесік

Елбасы • Кеше

Кемеңгер келбеті

Руханият • Кеше

Тарих тудырған тұлға

Елбасы • Кеше

Нұр-аға

Руханият • Кеше

Чемпионат мәресіне жетті

Ауыр атлетика • Кеше

Ұқсас жаңалықтар