Ауа райы • 25 Қазан, 2020

Қазақстанның басым бөлігінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

446 рет көрсетілді

"Қазгидромет" РМК ауа райының бұзылуына байланысты еліміздің бірқатар өңірінде ескерту жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Синоптиктердің мәліметіне сәйкес, Нұр-Сұлтан қаласында қалың тұман, қатты көктайғақ, нөсер жауын, 21 м/с екпіндегі жел болжанады.

Павлодар облысында оңтүстік-батыстан жел соғып, күші түнде кей жерлерде 15-20 м/с, күндіз 25 м/с жететіні күтіледі.

Маңғыстау облысының кей жерлерін тұман басады. Қызылорда облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады. Кей жерлерде оның күші түнде 15-20 м/с, күндіз 23-28 м/с артуы ықтимал.

Атырау облысының кей жерлерінде солтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы 15-20 м/с күшейеді.

Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман болжанады. Солтүстік-батыстан соғатын желдің күші кей жерлерде 15-20 м/с артады.

Ақмола облысында жауын-шашын (күндіз көбінесе жаңбыр түрінде) жауады. Кей жерлерде тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші түнде кей жерлерде 15-20 м/с, күндіз екпіні 23-28 м/с жетеді.

Солтүстік Қазақстан облысында жауын-шашын (көбінесе жаңбыр) болады. Кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстіктен жел соғып, екпіні 25 м/с күшейеді.

Қостанай облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болжанады. Оңтүстік-батыстан жел соғып, күші 15-20 м/с артады.

26 қазанда күндіз және 27 қазанда тәулік бойы Жамбыл облысында оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с артады. 27 қазанда екпіні 23-28 м/с күшеюі мүмкін.

Соңғы жаңалықтар

Ұқсас жаңалықтар