Аймақтар • 25 Қазан, 2020

Шымкентте пойыздардың қозғалысы қалпына келтірілді

17 рет көрсетілді

Шымкентте сағат 12.49-да пойыздардың қозғалысы қалпына келтірілді. Бұл туралы ҚР ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли хабарлады.

Еске сала кетейік, 24 қазан күні түнде 14 вагон жолдан шығып, аударылып кеткен болатын, салдарынан 7 жолаушылар пойызының қозғалысы кешіктірілді, атап айтқанда:

1. Шымкент станциясында Ақтөбе - Алматы №34 жолаушылар пойызы 9 сағатқа, Қызылорда-Петропавл №76 пойызы 7 сағатқа кешікті.

2. Қорғасын станциясында Қызылорда-Көкшетау № 56 жолаушылар пойызы 5 сағатқа кешікті.

3. Қызылсай станциясында Алматы-Ақтөбе №23 жолаушылар пойызы 8 сағатқа кешікті.

4. Манкент-2 станциясында Алматы - Шымкент №11 жолаушылар пойызы 5 сағатқа, Нұр-Сұлтан-Сарыағаш №85 пойызы 1,5 сағатқа кешікті.

5. Састөбе станциясында Алматы-Ақтөбе № 33 жолаушылар пойызы 1 сағатқа кешікті.

Қозғалысы кешіктірілген пойыздарда 1 393жолаушы болған. Сонымен қатар, жергілікті атқарушы органдар Шымкент қаласына жолаушыларды тасымалдау үшін 5 шағын автобус пен 2 автобус ұйымдастырды.

Соңғы жаңалықтар

Ұқсас жаңалықтар