Коронавирус • 24 Қазан, 2020

ПТР-анықтамасыз ұшып келген жолаушы Қазақстаннан депортацияланды

17 рет көрсетілді

Ақтауға коронавирусқа ПТР-анықтамасыз ұшып келген Ұлыбритания азаматы өз еліне қайтарылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

"Бүгін Ақтау қаласының әуежайынан ПТР-анықтамасы болмаған Ұлыбритания азаматы өз еліне қайтарылды. Сондай-ақ 24 қазан түнінде 9 рейспен 1158 адам ұшып келді. Соның ішінде 951 жолаушының ПТР-анықтамасы болған, Қазақстанның 207 азаматында анықтама болмаған", делінген коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның таратқан ақпаратында.

Рейстердің:

- 4-еуі Нұр-Сұлтан қаласына (471 жолаушы, оның 385-інде анықтама болды, 86 адам анықтамасыз);

- 4-еуі Алматы қаласына (588 жолаушы, оның 472-сінде анықтама болды, 116 адам анықтамасыз);

- 1-еуі Ақтау қаласына (99 жолаушы, оның 94-інде анықтама болды, 5 адам анықтамасыз) жасалды.

Айта кетейік, анықтамасыз ұшып келген Қазақстан азаматтары ПТР-талдау тапсыру үшін Нұр-Сұлтан, Алматы және Ақтау қалаларындағы карантин стационарларына орналастырылды. Жолаушылар Түркия, БАӘ, Беларусь, Мысырдан халықаралық әуе рейстерімен ұшып келген көрінеді.

 

Соңғы жаңалықтар

218 адамның ахуалы нашар

Медицина • Кеше

Ұқсас жаңалықтар