Спорт • 23 Қазан, 2020

Елена Рыбакина Аустриядағы Линц турниріне қатысады

11 рет көрсетілді

Қазақстанның бірінші, әлемнің 19-ракеткасы Елена Рыбакина Аустриядағы Линц WTA турниріне қатысады, деп хабарлайды Egemen.kz

Жарыстың Твиттердегі парақшасында оған қатысушылардың тізімі жарияланды. Олардың ішінде Е.Рыбакинамен қатар Беларусь өкілі Арина Соболенко, чехиялық Маркета Вондроушова, бельгиялық Элисе Мертенс, эстониялық Анетт Контавейт, америкалық Дженнифер Брэйди, украиналық Даяна Ястремская, ресейлік Екатерина Александрова және басқа теннисшілер бар.

Биыл аталмыш дода 11-18 қазан аралығында өтуі тиіс еді. Әйтсе де коронавирус індетіне байланысты 7-15 қарашаға қалдырылды. Өткен жылы финалда латвиялық Елена Остапенконы 6:3, 1:6, 6:2 есебімен жеңген америкалық Кори Гауфф чемпион атанған болатын.

 

Соңғы жаңалықтар

218 адамның ахуалы нашар

Медицина • Кеше

Ұқсас жаңалықтар